«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңды жүзеге асыру

2018 жылғы 26 Маусым
7024 просмотров

Бұл туралы Басқарма Төрағасы 26 маусым күні өткен Үкімет отырысында мәлімдеді

Бүгін 26 маусым күні Үкімет отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов күн тәртібіндегі кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы заңды жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан шаралар жайында сөз сөйледі.

«Елбасының жария түрде қол қойған заңы елімізде кәсіпкерліктің дамуына үлкен әсер беретіні айқын. Ендігі жұмыс осы заңды орындау үшін осыған дейін айтылған 146 нормативті-актілердің сапалы және уақытылы қабылдануы. Біз осы заңның кәсіпкерлерге маңызды екенін біле отырып, үш бағыттағы жұмыс жоспарын қабылдадық», –  деді Басқарма Төрағасы.

Жоспар бойынша бірінші кезекте Елбасының тапсырмасын кәсіпкерлерге жеткізу. Барлық өңірлерде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшелері және активтеріне жиын өткізілді. Қазіргі уақытта 10 шілдеге дейін жоспар бойынша видео және инфографикалық материалдар дайындалып жатыр. Ол ақпарат әлеуметтік желілер мен өзге де алаңдарда таратылмақ.

«Екіншіден, өткен аптада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезіне аудан және моноқалалардың филиалдарынан басшылар келді. Барлығына екі күн семинар өткізіліп, Заң туралы толық ақпарат беріліп, методикалық ақпарат таратылды. Сонымен қатар, жаңағы 146 нормативті актілер бойынша аккредиттелген қауымдастықтармен жұмыс істеуге дайынбыз», – деп сөз жалғастырды Абылай Мырзахметов.

Нормативтік актілердің кестесі «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасына келді. Оның алғашқы оншақтысына сараптама жасалуы тиіс. Сараптама арқылы кәсіпкерлер тарапынан пікір алу мақсаты көзделген. Үш бағыттың соңғысы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дайындайтын Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесі маңызды мәселе болып отыр.

«Мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін» ары қарай жетілдіру бойынша бұйрық дайындалып отыр. Біздің ойымызша, бұл сала өте маңызды. Себебі тәуекелдер дәрежесі барлық тексеруге қатысты. Бұл салада ҚР Бас прокуратурасымен жол картасын әзірлеп, нәтижесінде ол алты саланы қамтиды (салық, экология, СЭС, жер, еңбек қатынасы, өрт қауіпсіздігі). Осыған байланысты бір-екі өтінішіміз бар еді. Тәуекел дәрежесіне мемлекеттік органдар көңіл бөлсе және ҚР Ұлттық экономика министрлігі қарайтын орталықтандырылған автоматты бір жүйе болса. Бұл ұсынысымыз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына да сай келеді», – деп түйіндеді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер