«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет басшысы Кәсіпкерлік кодексінің жобасына қол қойды

2015 жылғы 30 Қазан
10832 просмотров

Бәсекелестікті қорғау туралы заңнамадағы көлемді өзгерістер

2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсаұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасына қол қойды. Кодекс қабылданғаннан кейін «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңы күшін жойып, аталмыш Заңның ережелері жаңа кодекстің «Экономикалық бәсекелестік» бөліміне көшеді.

ҚР Парламентіндегі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) белсенді ат салысуымен өткен Кәсіпкерлік кодексі жобасын талқылау жөніндегі өнімді пікірталастан кейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар қосымшалар қабылданды. Атап айтқанда, нарық субъектілерінің басым жағдайын анықтау критерийлерін өзгерту, басым және монополиялы орын алған нарық субъектілері тізілімін жүргізуді және олардың есептілігін кезең-кезеңмен тоқтату, хабарлама, келісу комиссиясы институттарын енгізу, бәсекелестік туралы Үлгілік заңға «картель» ұғымын келтіру, монополияға қарсы орган қызметінің бағыттарын түрлендіру.

1. Нарық субъектілерінің басым жағдайын айқындау критерийлерін өзгерту

Белгілі бір тауар нарығында басым жағдайда болу дерегі қолданылуға міндетті бірқатар маңызды сапа критерийлерін ескерусіз, тауарлы нарықтың болмашы үлесін (бір жақты басымдылықта 35% және ұжымдық басымдылықта 15%) нарық субъектісінің бақылауы негізінде ғана мойындалды.

Жаңа толықтыруларға сәйкес, «Атамекен» ҰКП жасаған ұсыныстар негізінде бір жақты басымдылық болып:

- егер субъектінің нарықтағы үлесі 35 және одан жоғары пайызды құрағанда және мына мән-жайлар жиыны орын алған жағдайда:

1) нарық субъектісінің бір жақты тәртіпте тауар бағасының деңгейін айқындау және тауар нарығында тауарды өткізу нарығының жалпы шарттарына шешуші ықпал көрсету мүмкіндігі;

2) тауар нарығына өту үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;

3) нарық субъектісінің тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы шарттарына шешуші ықпал көрсету мүмкіндігінің ұзақтығы.

- егер субъектінің нарықтағы үлесі 50 және одан жоғары пайызды құраса. Бұл жағдайда нарық субъектісінің қосымша критерийлерді ескерусіз шектік мәннен асып түсуі жеткілікті.

Жаңа түзетулерге сәйкес, егер сәйкес тауар нарығындағы ең көп үлестер тиесілі көп дегенде үш нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан жоғары пайызды құраса, немесе сәйкес тауар нарығындағы ең көп үлестер тиесілі нарықтың көп дегенде төрт субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан жоғары пайызды құраса және төмендегі мән-жайлар жиынында ұжымдық басым жағдай мойындалады:

1) ұзақ уақыт бойында (кем дегенде бір жыл бойында немесе, егер мұндай мерзім бір жылдан аз уақытты құраса, сәйкес тауар нарығының тіршілік еткен мерзімі кезеңінде) нарық субъектілері үлестерінің салыстырмалы мөлшерлері өзгермесе немесе болар-болмас өзгерістерге ұшыраса;

2) нарық субъектілері сататын немесе сатып алатын тауар тұтыну кезінде басқа тауармен айырбастала алмайды (сондай-ақ өндірістік мақсатта тұтыну кезінде);

3) аталмыш тауарды сәйкес тауар нарығында сату бағасы туралы және (немесе) сату шарты туралы ақпарат тұлғалардың белгісіз тобына қолжетімді.

Үлесті және бірқатар маңызды критерийлерді жиынтықта қолдану субъектінің тауар нарығындағы жағдайын объективті түрде белгілеуге мүмкіндік береді.   

2. Басым немесе монополиялы жағдайдағы нарық субъектілері тізілімін жүргізуді және олардың есептілігін кезең-кезеңмен тоқтату

2016 жылдан бастап монополияға қарсы орган тек реттелетін нарықтар тізілімін ғана жүргізетін болады, ал 2017 жылдан бастап аталмыш тізілім толығымен күшін жояды және, сәйкесінше, басым орындағы субъектілердің монополияға қарсы органға мерзімді есептілігін ұсыну да күшін жояды. «Атамекен» ҰКП Тізілімді тоқтату жөніндегі ұсынысты монополияға қарсы органмен талқылауға бірнеше мәрте шығарған болатын.

Қазірде Тізілімге шамамен 900 нарық субъектісі, соның ішінде ШОБ субъектілері кіргізілген. Монополияға қарсы орган алдындағы міндетті мерзімді есептілікті тоқтату олардың еңбек, қаржы шығындарын үнемдеуіне және өндірістік мәселелерге жұмылуына мүмкіндік береді.

3.Хабарлама институтын енгізу

Алғаш рет, «Атамекен» ҰКП ұсынысымен, монополияға қарсы заңнамаға «хабарлама институты» ұғымы енгізіледі – бұл әрекетінде басым жағдайды теріс қолдану белгілері байқалатын тұлғаларға қатысты, соның ішінде:

аумақтық белгі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-ақ саны бойынша өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеу қойғаны үшін;

сәйкес тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі болған жағдайда жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды сатудан негізсіз бас тарту не болмаса мұндай шартты отыз күнтізбелік күннен асатын мерзімде жасауға жауап бермеумен білдірілген жалтару үшін;

өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі болған жағдайда сұраныс бар немесе тұтынушылар тапсырыс берген тауарларды өндіру және (немесе) жеткізу көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе)  жеткізуді негізсіз тоқтату үшін, хабарлама шығарусыз тергеу жүргізілмейді.

Егер нарық субъектісі хабарлама шарттарын орындап жатса, оған қатысты тергеу жүргізілмейді және тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

4. Келісу комиссиясы институтын енгізу

Монополияға қарсы орган тергеу жүргізген кезде «келісу комиссиясы» институты енгізіліп, оның құрамына монополияға қарсы орган қызметкерлерімен бірге тергеу нысанының тәуелсіз сарапшылары да кіреді. Келісу комиссиясы тергеу нәтижесі бойынша қорытынды жобасын онда дәлелдер толықтығы мен сапасы мәніне қарайтын болады. «Келісу комиссиясы» институтын енгізу туралы ұсыныс «Атамекен» Ұлттық палатасынан келіп түскен болатын.

5. Бәсекелестік туралы үлгілік заңға «картель» ұғымын келтіру

«Картель» ұғымы «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) 2015 жылғы мамыр айында «Кейбір заңнамалық актілерге табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен енгізілді. Сондай-ақ аталмыш заңда монополияға қарсы органға картель белгілері бойынша тексеріске түсетін нарық субъектілеріне тергеудің басталатыны туралы («таң сәрідегі рейд») хабарламауға құқық берілді. Алайда «картель» ұғымы кең мағынада енгізілген еді, онда терминге сонымен бірге, шын мәнісінде, қатысушылар арасындағы келісімге (сөз байласуға) дәлелдің болуын талап етпейтін бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер де кіріп кетеді. «Картель» ұғымының мұндай кеңейтілген анықтамасы монополияға қарсы органға әрекетінде бәсекелестікке қарсы келісілген қимылдар байқалатын нарық субъектілеріне тергеу басталатыны туралы хабарламау құқығын береді.

«Атамекен» ҰКП монополияға қарсы органның мұндай ұстанымымен келіспей, монополияға қарсы келісімдермен шектеле отырып, «картель» ұғымын тарылтуды, және де кәсіпкерге қатысты тергеу жүргізу туралы шешім қабылдау оның кінәлі екенін білдірмейтінін ескере отырып, кәсіпкерге тергеу жүргізер сәтте тергеудің басталатыны туралы хабарлауды ұсынды.

«Атамекен» ҰКП ұсынысын депутаттар мақұлдап, кодекстің жаңа редакциясында «картель» ұғымының аясы тарылып, Бәсекелестік туралы үлгілік заңға сәйкестендірілді, монополияға қарсы органның әрекетінде картель белгісі байқалатын тергеу нысанына тергеу жүргізер кезде бұйрықтың көшірмесін табыстау міндеттемесі орнатылды.

6. Монополияға қарсы орган әрекеті бағытының түрленуі.

Тергеу жүргізу кезінде монополияға қарсы орган қызметі, негізінде, тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеу деректерін емес, тұтынушылар құқығына қысым көрсету деректерін анықтауға бағытталған. Осылайша монополияға қарсы орган бәсекелестіктің дамуына және оны қорғауға септескен жоқ және бизнесті қолдау шарасы ретінде қызмет етпеді, керісінше, тұтынушылар құқығын қанағаттандыру үшін бизнеспен күреске арналған орган болып табылды.

Кодекстің жаңа редакциясына сәйкес монополияға қарсы орган бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер және жосықсыз бәсекелестік кезінде тұтынушылар құқығына қысым көрсетумен байланысты тергеулер жүргізбейтін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер