«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алысқа қатынайтын жүргізушілер үшін арнайы рұқсаттардың күші жойылады

2015 жылғы 19 Қазан
9518 просмотров

Таяуда жүк көліктері қолында көп тонналы автоға арналған дайын бағыт сызбасы болса, қалаға арнайы рұқсатсыз кіре алатын болады

Ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының жүру түйткілі қаралып жатыр

Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруге арнайы рұқсат алу мәселесі кәсіпкерлер үшін, әсіресе құрылыс және жер қойнауын пайдалану саласында еңбек ететін компаниялар үшін салмақты түйткілдер тудырады.

Іс жүзінде кәсіпкер қозғалыс бағытын уәкілетті органмен (Көлік комитеті) келісіп алады да, бюджетке бағыт ұзақтығына қарай ақы төлейді. Аталмыш мән-жай уәкілетті орган қызметкерлері тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық көріністеріне жайлы жағдай жасайды. Көбіне рұқсат алу және бюджетке айтарлықтай алым төлегеннің орнына, кәсіпкердің мәжбүрлі параны бере салуы оңайырақ әрі арзанға түсіп жатады.

«Атамекен» ҰКП бастамасымен (рұқсат ету құжаттарын (процедураларын) 50% қысқарту жөніндегі заң жобасын даярлау барысында) аталмыш түйткіл ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысына шығарылды.

2015 жылғы 17 тамызда ВАК 23 отырысында аталмыш түйткіл қаралып, Ұлттық палатаның ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттың күшін жою жөніндегі ұсыныстары мақұлданды.

Жоғарыда аталған рұқсаттың орнына бағыттардың дайын сызбасын осы сызбалар бойынша жүру мүмкін болатын автокөлік құралдарының техникалық өлшемдерін көрсетумен жариялауды енгізу ұсынылды. Нәтижесінде тасымалдаушының қызмет көрсетушіге жүгініп, арнайы рұқсатты 1-5 күн бойы күтуі қажет болмайды. Тасымалдаушы автокөлік құралына сай келетін техникалық талаптағы бағытты өзі таңдайтын болады.

Қазірде уәкілетті органдармен бірге (ИДМ, ҰЭМ, Қаржы министрлігі) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін мемлекеттік бюджет шығынын есептеу жүргізіліп жатыр.

Республикалық бюджет комиссиясында есептеулер бекітілгеннен кейін арнайы рұқсаттың күшін жою туралы сәйкес түзетулер заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер