«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Автокөлікті ресми дилерлерден сатып алыңыздар!

2016 жылғы 04 Ақпан
10419 просмотров

ҰКП көлік құралдарын есепке қою жөніндегі талаптарды түсіндіреді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес автокөлік құралын әкімшілік полиция органдарында есепке қою үшін автокөліктердің иелерінде Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар болуы тиіс.

Ондай құжаттар тізімі келесідей:

  1. Көлік құралының түрін мақұлдау (КҚТМ).

Үлгіні мақұлдау рәсімін өткізу үшін өтініш беруші аккредитациядан өткізілген органдарға сәйкестікті растап хабарласуы тиіс. 

Көлік құралының түрін мақұлдаудың болуы автокөлік құралдарын ЕАЭО аумағында сатуға мүкіндік туғызатын міндетті шарт болып табылады.

Көлік құралы түрінің мақұлдаудан өткізілгендігі туралы құжаттарды ұсыну келесі жағдайларда міндетті болып табылады:

– Егер заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткізу барысында Кедендік одақ/Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелетін көлік құралдарын оларды әзірлеу сәтінен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда;

– заңды және жеке тұлғалар Кедендік одақ/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін жаңа көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде.

КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкес Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағына импортталатын көлік құралдарының (шасси) түрін мақұлдаған кезде өндіруші немесе өндірушінің өз өнімін техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалауға өкілеттік берген өкілдерінің бірі өтініш бере алады.

Осыған байланысты заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға  жаңа көлік құралдарын тек өндірушінің ЕАЭО-тың бірыңғай экономикалық аумағында қызмет ететін өкілінен (ресми дистрибьютерден немесе дилерден) ғана сатып алу ұсынылады. Себебі көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарының белгіленген талаптарға сәйкессіздігі үшін өндірушінің өкіліне өндірушімен бірге ортақ жауапкершілік жүктеледі және де ол КҚТМ ұстаушысы болып табылады.

  1. Кедендік одақтың сертификаттау жөніндегі органдарына және сынақ

зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредитацияланған сынақ зертханасы беретін көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік.

Көлік құралын құрастырушы немесе оның атынан әрекет ететін құрастырушының уәкілетті өкілі немесе көлік құралын Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағына әкелетін тұлға немесе оның өкілі көлік құралы құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлікті алу үшін өтініш  бере алады.

Бұл құжат тек келесі жағдайларда ғана қажет болып табылады:

  • жеке тұлғалар ҚР аумағына өз қажеттілігі үшін әкелетін көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде;
  •  заңды тұлғалар осыған дейін КО/ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан көлік құралдарын ҚР аумағына әкелгеннен кейін және егер аталмыш көлік құралдарының құрастырылған сәтінен бастап үш жылдан астам уақыт өткен жағдайда оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде.

Көлік құралының айналымымен (әкелумен, сатумен) байланысты қызметті жүзеге асырған кезде келесі құжаттарды басшылыққа алуды ұсынамыз:

  1. Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық реттеме
  2. Көлік құралдарының түрін мақұлдау рәсімін өткізу алгоритмі
  3. Тізімі ««Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ресми сайтында көлік құралдарын айналымға шығару сұлбалары
  4. Көлік құралдары компоненттерінің сәйкестігін бағалау алгоритмі
  5. ТР ТС 018/2011 талаптарына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредитациядан өткізілген Қазақстан Республи касының сынау зертханалары мен сәйкестікті растау жөніндегі органда рының тізімі
  6. Көлік құралдарының түріне берілген мақұлдаулар және көлік құралдарының  куәліктерінің бірыңғай тізілімі жөніндегі веб-сервис (ТР ТС 018/2011)
  7. ЕАЭС сертификаттау жөніндегі органдардың және сынау зертханала рының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі
  8. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын сататын ресми дилер/дистрибьютор орталықтарының тізімі.

Дөңгелекті автокөлік құралдарының сұлбасын ҚР аумағына енгізу сұлбасын осы жерден көре аласыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер