«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО елдеріне автомобильдерді жарты жылға әкелуге болады

2015 жылғы 18 Қыркүйек
9293 просмотров

ЕЭК жеке көлік құралдарын ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкелу шарттарын жеңілдетеді

19 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының «Көлік құралдарын жеке қолдану үшін уақытша әкелудің кейбір мәселелері туралы» Шешімі күшіне енеді. Аталмыш Шешім авто иелерінің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағында жүруін жеңілдетеді.

Бұрын кеден органдары орнататын көлік құралдарын уақытша әкелудің бастапқы мерзімі үш айға дейін ғана созылатын. Ал автомобильді кеден органы белгілеген уақыт өткенше әкетпегені үшін, себебіне қарамастан, кей жағдайларда орта санатты автомобиль құнына шамалас болып келетін кедендік баждар мен салықтарды міндетті төлеу қажет болатын. Сонымен бірге, мұндай автомобиль әкеліну кезінде декларацияланған елдің заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген еді.

ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы Шешімі кеден органының бастапқыдағы көлік құралдарын үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкеліну мерзімін белгілеу міндеттілігінің күшін жояды. Қабылданған шешім көбінесе азаматтың келген жерінен біршама алыста орналасатын кеден органына уақытша келу уақытын ұзарту үшін жүгіну қажеттігін алып тастайды. Сонымен бірге уақытша әкелу мерзімі азаматтардың Одақ аумағында болу ұзақтығына қарай әрбір жағдайды ескере отырып, уақытша әкелудің ең ұзақ жол берілетін мерзіміне дейін, белгіленуге тиіс. Одақ азаматтары үшін мұндай мерзім алты айды құрайды, шетелдік азаматтар үшін – бір жыл.

Сонымен қатар, ЕЭК Алқасының шешімімен уақытша әкелу уақыты өтіп кетсе де (бірақ ең ұзақ жол берілетін мерзім шегінде), көлік құралын кеден бажын төлеусіз алып кетуге болатыны көзделген.

Мұндай ұстанымдар Одақтың кедендік аумағынан әкетілген көлік құралдарына да қатысты болмақшы: егер әкетілсе – төлеудің қажеті жоқ.

Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссияның жедел де өзекті жаңалықтарын алып отыру үшін, әлеуметтік желіде бізге қосылыңыздар.

www.facebook.com/eecommission
twitter.com/EEC_EAEU
vk.com/eecommission

Еншілес ұйымдар

Серіктестер