«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үлбір бұйымдары сән үлгісін шығарушылар Қазақстанның бас қаласында кездесті

2015 жылғы 02 Қазан
12411 просмотров

Астанада ТМД елдері мен Түркияда жасалған үлбір бұйымдардың гала-көрсетілімі өтті

Үшінші халықаралық гала-көрсетілімде Қазақстан, Белорусь, Ресей, Украина және Түркияның жетекші дизайнерлері ұсынған авторлық былғары топтамалары ұсынылды.

«Гала-көрсетілімнің мақсаты Еуразия өңірін көп ғасырлық ұлттық дәстүрге бай былғары сән үлгісін шығарушылардың бірі ретінде көрсету, сонымен қатар былғары бұйымдар өндіру және сату әрі салаға жас кадрларды тарту жөніндегі серпінмен дамушы өңірдің жетістіктерін көрсету болып табылады», - деп атады іс-шараны ұйымдастырушы, Қазақстандық былғары сауда-өнеркәсіптік қауымдастығы президенті Сергей Ведяшев.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева авторлық былғары топтамаларының халықаралық гала-көрсетіліміне қатысушыларды құттықтай отырып, Ұлттық палатаның аталмыш іс-шараны өткізу бастамасын қолдайтынын атады.

«Бүгінде заманауи бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында жеңіл өнеркәсіпті келешекте дамыту бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік билік органдарының, салалық одақтар мен қоғамдық бірлестіктердің шоғырлануы мен күш салуын талап етеді», - деді «Атамекен» өкілі аталмыш іс-шара нәтижелерінің отандық жеңіл өнеркәсіпте үлгірдегі дизайнерлік өнердің дамуына ерекше серпін береріне сенім білдіре отырып.

Қонақтарға Халықаралық үлбір бұйымдарын шығарушылар ұйымы Еуразиялық өңіріне (IFF-Евразия) кіретін елдерден келген дизайнерлер ұсынған 150-ден астам эксклюзивті жұмыс көрсетілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер