Қазақстандық кәсіпкерлерді Ыстамбұлда өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады
2019 жыл 13-14 наурыз аралығында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында Ыстамбұлда ресми сауда-экономикалық миссия өтеді
Аталған шараны Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және «Атамекен» Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркия Республикасының Қазақстан Рсепубликасындағы Елшілігі, Түркияның сауда палаталары және тауар биржалары одағы (TOBB), Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA), сонымен қатар Түркияның сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі кеңесі (DEIK) бірлесіп, ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қазақстандық және түркиялық кәсіпкерлер арасында сауда қатынастарды дамыту, сонымен қатар елдер арасында мықты іскерлік байланысты орнату.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Сауда-экономикалық миссия шеңберінде келесі шығындарды жабады:
- Сауда миссиясын өткізуге арналған жабдықталған конференц-залды жалдау (іс-шара өтетін күні кофе-брейк пен түскі ас);
- Сауда миссияға қазақстандық қатысушылардың орналасуы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес және сауда миссияны ресми өткізу уақыт аралығында);
- Қазақстандық қатысушыларды келген елдегі трансфері.
Қазақстаннан сауда миссиясы өтетін елге дейін ұшу, сауда миссияны өткізу және кері қайту, визалар рәсімдеуге консулдық алымдар (қажет болған жағдайда), тәуліктік алымдар және басқа да шығындарды сауда миссиясының қатысушылары өздері көтереді.
Сауда-экономикалық миссияға қатысуға өңдеу өнеркәсібі өндірушілері шақырылады. Бұл отандық кәсіпкерлер үшін жеке тауарларын таныстыру, түркиялық тараппен тікелей байланыс орнатудың жақсы мүмкіндігі.
Қатысуға ынта білдірген қазақстандық кәсіпкерлер мына телефондар бойынша хабарласуды сұраймыз: Байболова Әсел, + 7 (7172) 27 90 54 (207), Бекқалиев Ибрагим, + 7 (7172) 27 90 54 (221), i.bekkaliyev@atameken.kz
Тіркелу үшін сілтеме: https://goo.gl/forms/P5dMtWoL0I9ikHk23
Пікір қалдыру:
Пікірлер: