«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рашида Шәйкенова: «Қазақстанның туркомпаниялары тұтынушыларға ақшасын қайтарудың барлық мүмкіндігін қарастыруда»

2016 жылғы 22 Шілде
9851 просмотров

Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы «Түркияда туындаған жағдай туристер мен компаниялардың қаржылық жағдайына кері әсер тигізбегенін» мәлімдеді

Рашида Шәйкенованың айтуынша, туристік саяхаттың қауіпсіздігі – отандық компаниялар үшін басты мәселе.

«Біздің туристер қиын жағдайға тап болды. Олар Түркияға сатып алған турмен бару керек пе, жоқ әлде бағытты өзгерту керек пе немесе тіпті шетелге шығудан мүлдем бас тарту керек пе деген мәселелерге бас қатырды. Біз бұл қиындықтың мәні неде екенін түсініп отырмыз, себебі қаражаттан ұтылу қаупі болды және бұл, сөзсіз, өз әсерін тигізбей қоймады. Азаматтық авиация комитеті аз уақытқа біздің отандастар көп жағдайда демалатын Анталияға ұшуды тоқтатқанына қарамастан, бірнеше сағаттан соң-ақ рейстер қайта қалпына келтірілді. Түрік жағажайларында демалуды жоспарлағандар Түркияға жеткізілді және бүгін олардан ондағы жағдай тыныш, ауа райы тамаша деген хабар келді. Осы күндері Анталияда ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде», – деді ҚТҚ басшысы. Сонымен бірге, Рашида Шәйкенованың атап өткеніндей, туристік саяхаттың қауіпсіздігі – Түркиядағы жағдайға байланысты қазақстандық туристер тарапынан алаңдаушылық тудырған нөмір бірінші мәселе болып тұр.

Қазақстан туристік қауымдастығының төрайымының мәлімдеуінше, бүгінгі күні жағдай тұрақтанған. «Кейбіреулер бағытты өзгертті, кейбіреулер таңдауын Еуропа елдеріне ауыстырды, Бурабайға барғысы келетіндер де болды. Біз сақадай сай болып, бас тартқан турпакеттер санын зерттедік», – деп айтып берді Рашида Шәйкенова.

Оның айтуынша, туристік компаниялардың менеджерлері күн сайын әрбір туристпен жүйелі жұмыс жасап, оның нәтижесінде оның сұранысы, қажеттіліктері анықталады, яғни нарықтағы өз клиенттерімен бірге барлық мүмкін болатын нұсқаларды қарастырады.  «Түрік серіктестер тарапынан проблема жоқ, мейманханалар қожайындары жағдайды өте жақсы түсініп отыр, ал егер барғысы келмейтіндер шығып жатса, оларға қаржысын қайтарудың түрлі нұсқалары қаралады», – деп қосты Шәйкенова.

ҚТҚ жетекшісінің айтуынша, ең басты мәселе көлік логистикасы. Рашида Шәйкенованың хабарлауы бойынша, отандық, сонымен бірге шетелдік әуе желілері де билеттерді басқа бағыттарға ауыстыруға келісімін беру арқылы өз түсіністіктерін таныта білді.

Рашида Шәйкенова бұл жағдай қазақстандық туристер мен туркомпаниялардың қалтасына кері әсерін тигізген жоқ және бұл ақыр соңында өз нәтижелерін беретін күнделікті жұмыс процесі деп сендірді. «Әр туристік компания өздігінен шешім қабылдады. Мысалы, Стамбул мен Анкарадағы лаңкестік әрекеттен соң, қоңыраулар мен өтініштер саны өте көп болған, бір ғана турагенттікке ұшудан бас тартып 50 адамға дейін хабарласқан, келесі күні олардың саны 15-ке дейін азайған, ал қазір жолдамалар мен билеттерді қайтару мәселесі қаралып жатқан екі-үш турист қана қалған», – деп айтып берді Қазақстан туристік қауымдастығының басшысы.

Заңнамаға келер болсақ, Шәйкенованың айтуынша, туристік қызмет туралы заң туристік нарық қатысушыларының алдына тұтынушыларға қазіргі орын алған жағдай туралы толық ақпарат беру міндетін қойып отыр. «Яғни, туристік компанияның кез келген менеджері өз клиентіне туындаған жағдай туралы толыққанды ақпарат беріп, туристті алаңдататын барлық мәселелерді түсіндіріп, сұрақтарға жауап беруге міндетті», – деп түсіндірді Р.Шәйкенова. ҚТҚ басшысы, туристерді жөнелтумен айналысатын туристік компанияларды жолдамалар құнын жүз пайызға қайтаруға міндеттейтін тұтынушылар құқықтары туралы заңға пікір білдіре отырып, заңда көшпелі туризмнің кейбір мәселелері есепке алынбағаны туралы да айтты.

«Жалпы алғанда, барлығы дұрыс, тек бір жайт бойынша ғана кілтипан бар. Туристерді жөнелтетін туристік компания, бірінші кезекте, өзінің шетелдік серіктесімен ғана жұмыс жасайды, ал олардың өз ережелері бар. Олар, әлбетте біздің заңнамаға бағынбайды», – деп түйіндеді Рашида Шәйкенова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер