«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстанда өндірілген жұмыртқалар Ресейге жөнелтіле бастады

2015 жылғы 28 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
15115 просмотров

Теңгенің еркін бағамы белгіленгеннен кейін «Фирма Алекри» ЖШС өнімін Ресей Федерациясына экспорттауды қайта жаңғырта алды.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы құс фабрикасының отандық тұтынушыларды өнімімен қуантып келе жатқанынан 20 жылдан асты. Кәсіпорында Родонит және Хайсекс Браун құстары өсіріледі. Құс фабрикасының алты өнеркәсіптік цехында голландиялық тұқымдағы 450 мың мекиен тауық бар.

Жыл сайынғы субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау арқасында «Фирма Алекри» ЖШС жабдықтарды жаңартуға шығын шығара алады. Ал бұл кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына оң әсерін тигізеді. Сөйтіп, бұл жерде бірнеше жыл бұрын «Анаконда» жұмыртқаларының жаңа жүйесін іске қосып, өндірісті көлемді модернизациялау жүрді. Құс фабрикасының бірден алты өнеркәсіптік цехын жалғаушы желінің ұзындығы 240 метрді құрайды. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпорын үнемі жетіліп отыруға тырысып, бір орында тұрған жоқ. Алайда ресейлік рубльдің күрт төмендеуіне және ол жақтан ағылып келген арзан тауарға, соның ішінде тауық жұмыртқасының көптеп келуіне байланысты, жергілікті құс фабрикасының жағдайы қиындап кетті. «Алекри» өнімін өзіндік құнынан төмен бағаға сатуға ғана емес, РФ-ға жеткізулер жайлы ұмытуға мәжбүр болды.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, ахуал теңгеге еркін бағам белгіленген бетте айтарлықтай өзгерді.

«Жағдайымызды түзете бастадық. Өніміміз, бұрынғыдай, Қазақстанда ғана емес, одан тысқары жерлерде де сұранысқа ие. Мәселен, біз Ресейге экспорттауға қайтып оралдық. Жыл басынан бері ғана кәсіпорнымыз 62 млн жұмыртқа өндірсе, оның ішінде 15 пайызды РФ-ға экспорттадық», - дейді «Фирма Алекри» ЖШС директоры Александр Прядко.

Кәсіпкердің сөзінше, жұмыртқа сапасы да, көлемі де ұнамды. Құс фабрикасында бір ай ішінде 8 млн жұмыртқа алынады. Оңайға тимейтін экономикалық жағдайда биылғы жылы 140 млн теңге көлемінде алынған субсидия біршама демеу болды.

Бір айта кететіні, «Фирма Алекри» ЖШС дұрыс бәсекелестік жайлы айта алатынына кәсіпорынның жоспарлары да куә бола алады. Сөйтіп, биылғы жылы астаналық серіктестермен бірге олар газ, электр энергиясын және тыңайтқыштар өндірісі үшін құс саңғырығын қайта өңдеу жөніндегі зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Нысан құрылысы басталып та кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер