«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО кәсіпкерлері: «Қытай нарығына қуатты экспорттаушы бола аламыз»

2015 жылғы 28 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
11983 просмотров

Теңгенің еркін бағамы бизнестің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтті

Бүгінде Қазақстанның жаңа өткізу нарықтарын іздеуі ерекше маңызды. Экспортқа бағдарланған компаниялар аталмыш экономикалық шараны толығымен қолдайды, себебі бұл шарттардың теңесуін қамтамасыз етеді. Осылайша, өніміміздің бәсекеге қабілеттілігі көтеріледі, оған қоса сыртқы нарықтардағы ақшалай түсім келеді.

«Мұндай еркін бағамда Қытай нарығына қуатты экспорттаушы бола аламыз. Бүгіннің өзінде Қытай бал, ет, өсімдік майы сияқты өнімдерді және басқаларын сатып алуға дайын», - деді Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Валюта шиеленісін алып тастау бизнеске жаңа серпін береді. Бұл өнеркәсіптік экспортшыларда толық жұмысбастылықты сақтауға ғана емес, шағын және орта бизнес үшін жергілікті мазмұнға тапсырыстар арқылы отандық өнімді қайта өңдеушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына да көмектеседі.

«Жалпы бағам оң әсерін беріп жатыр. Өнім бағасы бұрынғы деңгейде қалды, бағамның көтерілуіне байланысты ресейлік компаниялармен өнімді жеткізуге шарттар жасалды», - деп бөлісті пікірімен «Роза – киіз комбинаты» ЖШС коммерциялық директоры Альбина Ахметова.

Бағаммен арада орын алған ахуал оң әсерін тигізген экономиканың жеке салалары баршылық, себебі Ресейден келетін бәсекелестер өнімінің бағасы көтерілді. Оларға металлургия өнеркәсібін, ағаш өңдеу саласын, сонымен қатар шетелдік валютада өнім жеткізуге келісімшарттары бар кәсіпорындарды жатқызуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер