«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТОП-60

2015 жылғы 22 Қыркүйек
9558 просмотров

Қазақстан Үкіметі біршама кең көлемді жекешелендіру жүргізілетіні жайлы жариялады

Шенеуніктер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мемлекеттік қоры, «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтері сияқты қазақстандық экономика алпауыттарының біршама ірі нысандарынан тұратын жаңа жекешелендіру тізбесін жасауға уәде беруде. Басымдылықты тізімге 60 компания кірмекші, деп хабарлады бүгін өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Оның тізімге берген атауы да – топ-60. «Самұрық-Қазынадан» - 38, «Бәйтеректен» - 4, «ҚазАгродан» - 4, және республикалық меншіктегі 14 нысан. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының меншігіндегі басқа да компанияларды бәсекелес ортаға беру ұсынылып отыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ең ірі активтерді стратегиялық инвесторлар сатып алуы мүмкін. Сағынтаев мырза жекешелендірудегі сүбелі үлесті иелену кімнің маңдайына жазылып тұрғанын нақтылаған жоқ. Оның орнына алдағы сауданың тәсілдерін атап берді – тікелей сату немесе IPO және SPIO механизмдері арқылы қор нарығына шығару. Сонымен бірге 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін шығуы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңына шығуы да жоққа шығарылмайды.

Басқа компаниялар аукционда тікелей сатулар көмегімен сатылатын болады – бұл олардың жеке меншік инвесторлары болған жағдайда.  Мемлекеттің үлесі 100% құрайтын кәсіпорындарда жекешелендіруге акциялардың бақылау және бұғаттаушы пакеттері қойылады - 25%-дан 50%-ға дейін және бір әрі одан көп акция.

«Жеке меншік инвесторы бар компаниялар, олардың үлесі 50% және бір акцияға дейін жеткізіледі», - деп атады Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер