«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жерді жекешелендіру мәселесі

2015 жылғы 07 Қыркүйек
- Қостанай облысы
17203 просмотров

Қостанайлық аграрийлер ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алу мөлшерлемесін төмендетуді және адал ниетті пайдаланушылар үшін жеңілдіктерді қарастыруды сұрайды

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанында Өңірлік кеңес мүшелері, ауылшаруашылық кәсіпорындары, мемлекеттік органдар, облыс әкімінің орынбасары және Палата дирекциясының қатысуымен өткен ауылшаруашылық жерлерді жекешелендіру жөніндегі заң жобасын талқылау барысында осы және басқа да ұсыныстар айтылды.

Ауылшаруашылық жерлерді жеке меншікке сатып алу процедурасы 2016 жылғы 1 шілдеден басталады және ауылшаруашылық ресурстарын тиімді түрде қолдануға, қосымша инвестициялар тартуға әрі саланың жалпы дамуына әкелуге тиіс деп жоспарланып отыр.

Алайда аграрийлер, егер дайындаушыларлың науқанды жүргізуде ұсынып отырған ережелерін ескерер болсақ, соңғы дәйекті даулы деп есептейді: мәселенің құны – телімнің кадастрлық құнынан 50%, 10 жылға дейін бөліп төлеумен. Мұндай сомаға, ауылшаруашылық өндірушілердің айтуынша, олардың шамасы жетпейді, себебі Қостанай облысындағы жер ауданы еліміздің оңтүстік аудандарымен салыстырғанда едәуір көлемді, демек, шығындар да есепсіз жоғары болмақ. Және де бұл өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктері салдарынан топырақ құнарлылығының түрліше болатынын ескермегенде. 

Палата осы пікірлерді ескере отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП арқылы әзірлеушілерге телім құнын 10% дейін қысқартуға және жерде бес жылдан артық уақыт жұмыс жасап жатқандарға оны тегін жекешелендіру мүмкіндігін беруге ұсыныс жолдады. Алайда бұл бастама қолдау таппады. Осыған орай Ұлттық палата аграрийлер үшін өтіліне қарай біртіндеп өрбітумен жеңілдіктер белгілеуді ұсына отырып, балама айтты.

«Жерде жұмыс жасап жатқандар үшін 10 жылға дейін кадастрлық құннан 50%. Материалдық базасы және 10-15 жыл жұмыс өтілі барлар үшін құннан 40%. 25% - өтілі 15-20 жыл құрайтындарға, және де 20 жыл бойы аграрлық бизнеспен айналысып келе жатқандар үшін құннан 10%. ҰКП сонымен қатар жер телімін сатып алушыны өтемін төлеп болғанша жыл сайынғы жалдау төлемінен босатуды ұсынды», - деп мәлімдеді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов жиналыста.

Ұлттық экономика министрлігінен бұл мәселе бойынша әзірше жауап келген жоқ. Бірақ шаруалар пікіріне құлақ асу қажеттілігі — біршама өзекті. Облыстық Ауылшаруашылық басқармасы да бұл туралы мәлімдеді, онда кредиті көп болуынан аграрийлердің көпшілігінің қаржы жағдайның мәз еместігін баса көрсетті. Сондықтан да олар асықпайды және жерді жекешелендіруді 2017 жылға дейін қалдыра тұруды ұсынып отыр.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Василий Розинов та осындай ұстанымды қолдайды. Оның айтуынша, бірыңғай көзқарастың жоқтығы облыстағы жер иелері қатарының одан әрі төмендеуіне алып келеді, ал мұндай тенденцияның бүгінде жоқ еместігін Жер қатынастары басқармасы растап берді.

«Жұмыс тобын құрайық, Үкіметке және «Атамекенге» жолдау үшін, бизнес пен әкімдіктен бірыңғай ұсыныстар дайындайық. Егер Заңды қазіргі қалпында қабылдайтын болса, жағдайды өршітіп жібереміз. Бір күні түрлі себептермен ауыл шаруашылығынан кеткен жанның мұнда екінші рет қайтып оралмайтынын анық айта аламын. Бұл мәселеде даусымызға құлақ ассын десек, назарға алсын десек, Палата және әкімдік үйлесіммен жұмыс жасауға тиіс», - деп баса көрсетті Василий Розинов.

Сонымен қатар жиналыста түйткілді талқылауға еліміздің негізгі астық егуші өңірлері – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын қосу ұсынылды. Жинақталған пікір Үкіметке және Ұлттық палатаға жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер