«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңгенің нарықтық бағамы. Бұның пайдасы бар ма әлде жоқ па?

2015 жылғы 21 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
14443 просмотров

«Девальвацияны, дұрысын айтсақ, теңгенің нарықтық бағамын қоюды біршама кешеуілдетті!» 

Петропавлдық кәсіпкер, СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі «Барс-Nord» ЖШС Бас директоры Владимир Богданов осылай деп есептейді. Ол palata.kz тілшісіне берген түсінікте шын мәнісінде бір реттік іс-шара болып табылатын «двальвация» жайлы емес, мемлекеттің жаңа экономикалық бағыты жайлы сөз болып отырғанын, оның әлдеқайда маңызды екенін түсіндірді.

«Соңғы 8-9 ай бойындағы жасанды «нығайған» теңгеге қатысты тұтынушылық қуанышқа түсінік бермеймін, тек бизнеске оңай болмағанын айтамын, - деді бизнесмен. – Ол да арзан тауарлар, жабдық және технологиялар сатып алу мүмкіндігін жаппай қолдана алар еді… Бірақ бізде «идея-өткізу тәсілі-қаржылай қамсыздандыру-жабдықтар мен технологиялар сатып алу-өндірісті іске қосу-өнеркәсіптік партияны шығару» сызбасы бойынша арзан кредит алудың жылдам механизмдері құрылмаған. Сәйкесінше, кәсіпкерлердің аса шағын көлемі ғана шынымен де арзанға сатып алып, осы мүмкіндіктерді айтарлықтай қолдана алды».

Кәсіпкердің ойынша, егер заманауи технологияларды сатып алу жайлы сөз қылар болсақ, онда білікті мамандар жоқ немесе оларды ұзақ уақыт бойы дайындау қажеттігін айтқанымыз орынды. Осыдан келіп сауда үшін сәтті кез туды – «бәрі арзандап кетті» дегендей қиял туындайды.   

 

«Бірақ бұл жерде басқа да екі түйткіл туындайды: ішкі сұраныс айтарлықтай төмендеді, әсіресе шекара маңындағы облыстарда. Менің бағалауым бойынша, сұраныстың құлдырауы аз дегенде 25-30% құрады, - деп талдады бизнесмен. – Сұраныс қайда кетті деген сауал туындайды. Біріншіден, Ресейге ресурстар аса зор көлемде жылыстауда (пәтерлер, машиналар, тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын, киім және т.б. сатып алу түрінде). Екіншіден, теңгеге деген сенімнің төмендігі, девальвацияны күту долларлар мен еуроларды көптеп сатып алуға әкелді, ал олар «жастықтың астында» сақталуда, яғни кейінге қалдырылған сұраныс».

Бизнесменнің ойынша, мемлекет бизнесті ақпараттық қолдау үшін де уақытылы шара қолданған жоқ. Осының салдарынан ресейлік бағалар өскен кезде халықтың инерциялық қимылы қалыптасты: «Ресейге барамын – онда бәрібір бәрі де арзанырақ!»
«Мемлекет тауарды әкелуді ресімдеусіз әкелуге «рұқсат ете отырып» және жеке тұлғаларға тауарлардың коммерциялық партияларын әкелуге «рұқсат ете отырып» өзінің бақылау функциясын орындауды да қамтамасыз еткен жоқ», - дейді Владимир Богданов.

Сонымен, теңге бағамының нарықтыққа айналуы дұрыс болды ма, жоқ па?

«Әрине, дұрыс болды. Әсіресе, стратегиялық экономикалық мүдделер тұрғысынан, - деп есептейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі. -  Әрине, бүгін, - дәл бүгін, оңай болмайды: бағалар өседі; шынайы еңбекақы төмендеп қалады… Бірақ орта мерзімдік келешекте бизнесте оқиғаның дамуын болжау мүмкіндігі пайда болады, демек сенімдірек жоспар құрылады әрі жаңа жобаларды іске асыра бастайды. Нәтижесінде жұмыс орындары мен тиімділік қалпына келеді».

Кәсіпкер «былтырғы жылы биліктің баға өсуімен мағынасыз күресінің және бизнеске әкімшілік қысым жасалуының қайтарылмайтынына, теңгенің нарықтық бағамы – ақтық әрі біржолата орнағанына, бизнестің барлық салалардағы қазақстандық нарықтың дәмін сезіп алған Ресейдегі бәсекелестер қысымына төтеп беретініне» сенім білдірді. Алайда, сарапшының ойынша, өткеннен сабақ алу керек.

«Сауатты ақпараттық қолдаудың ақшаны «жастық астынан» да, Ресейден де ішкі айналымға қайтаратынына сенімім мол. Ұлттық валютаға деген сенімнің қалпына келетініне, ал кәсіпкерлерде қазақстандық бизнесті «тұншықтыру» сценарийінің қайталануына қарсы іс-қимыл механизмі қалыптасарына сенімдімін. Сонымен қатар бизнестің қызметінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көтере отырып, өткен оқиғадан тиісті сабақ аларына да сенімдімін», - деп есептейді кәсіпкер.

«Соңғы оқиғалардың кәсіпорныма тигізетін әсеріне келер болсақ, қысқа мерзімдік келешекте болжау қиын. Сұраныс әлсіз, ол да жылдам қалпына келтірілмейді, бағаны көтеруге тура келеді… Банктермен де «ортақ тіл» табу да оңай болмайды. Орта мерзімдік келешекте – еңбек өнімділігін көтеру, біліктілікті көтеру, шығындарды төмендету процестері жалғасады. Осының бәрі дағдарысты жылдам жеңіп шығуға көмектеседі» - деп ой түйді бизнесмен.

«Егер қысқа мерзімдік келешек жайлы айтар болсақ, онда бизнес-климат пен жағдайларды жақсарту түріндегі мемлекеттің сауатты экономикалық саясатына, мемлекет пен қоғам өмірінде кәсіпкерлердің ролі мен маңыздылығының көтерілуіне сеніп отырмыз», - деп аяқтады сөзін Владимир Богданов.


Ұқсас жаңалықтар:

Өндірістің тоқтап қалуын болдырмады
29 Қыркүйек
2015
Атырау облысы
Тұрақтануға деген үмітпен
27 Тамыз
2015
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер