«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңгенің еркін бағамын енгізу – қажетті шара

2015 жылғы 21 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
14624 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері, «Беркат» ЖШС директоры Шадид Сельмурзаев осындай пікірде.

«Ресей Федерациясында қалыптасқан экономикалық жағдайға орай біздің кәсіпорындар өнімін өткізетін нарықтан айрылып қалды. Ресейлік тауарлар бағасы төмендеп кетіп, қазақстандық кәсіпорындар өнімінен әлдеқайда төмен бағада сатылды», - дейді кәсіпкер.

Ол сонымен бірге аталмыш шараны жыл басында енгізу керек еді дейді.

«Менің ойымша, мұны 2015 жылғы қаңтар-ақпан айларында жасау керек болатын, ал қазір мемлекет өз өндірушілерін қорғау үшін, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жүргізуіне міндетті түрде араласуға тиіс, әсіресе темір жол көлігі мен электр энергиясы саласында», - деп жалғады сөзін Шадид Сельмурзаев.

Кәсіпкер теңгенің қазіргі бағамын ескере отырып, Ресей Федерациясынан жабдықтар сатып алудан бас тартты, себебі оның құны сатып алуға тиімсіз болып қалды.


Ұқсас жаңалықтар:

Өндірістің тоқтап қалуын болдырмады
29 Қыркүйек
2015
Атырау облысы
Тұрақтануға деген үмітпен
27 Тамыз
2015
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер