«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық бұрыш санкцияға ұшырады ма?

2015 жылғы 12 Тамыз
10661 просмотров

Ресейлік кеденде жойылған көкөністің Қазақстанда өсірілгеніне анық дәлел жоқ

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік кеденде 13 тонна «болгар» бұрышының жойылғаны туралы ақпарат төңірегінде дүрлігуде.

Бәрі де 11 тамызда «Ресей ауылшаруашылық қадағалау» ресми сайтында Қазақстан аумағынан әкелінген 13 тонна көкөністің тәркіленіп, жойылғаны туралы ақпарат орналастырған күні басталды. 

«2015 жылғы 8 тамызда Түмен облысы, ЯНАО және ХМАО Ресей ауылшаруашылық қадағалау басқармалары мамандары «Казанское» КАӨБ арқылы Ресей аумағына 13 тонна мөлшердегі тыйым салынған өнімнің (болгар бұрышы) әкелінгені дерегі анықтады», - делінген хабарламада. – «Шығу тегі белгісіз, ішінара ыдысқа салынған, жүкке сәйкес келмейтін таңбалаумен, жартысы бос тиелген карантиндегі өнімнің Қазақстан Республикасынан әкелінгені белгілі болды. Көкөністе аталмыш өнімнің шығу тегін растайтын тауарлық-ілеспе және фитосанитарлық құжаттар болмаған… РФ Үкіметіің 31.07.2015 жылғы 774 Қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес, тыйым салынған өнім жойылды. Тұлға әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды».

Ал өндіруші ел ретінде Қазақстанның көрсетілгені жайлы ақпарат жоқ. Көкөністердің қазақстандық көлікпен әкелінгені жайлы да ескертілмеген.

Кейін Ресей ауылшаруашылық қадағалау ақпаратының егжей-тегжейі белгілі болды. БАҚ, ақпарат көзіне сілтеме жасамастан, оқиғаны ортаға салды. Көкөністермен бірге 350 қарбыздың жойылғаны, және де оның осындай түрде қазақстандық өнімдермен Смоленскідегі кеденге келгені анықталды.

Жағдайдың ушығуына ресейлік мемлекеттік орган өкілдерінің АҚШ пен Еуропа өндірушілерінің «санкцияланған» ірімшіктері мен басқа да өнімдерін жою жөніндегі шектен тыс белсенділігі сеп болғанын атап өтеміз.

«Атмекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендік әкімшілік ету департаменті жойылған бұрыштар туралы ақпаратқа сенімсіз түрде қарауда. Не десек те, бізбен бірге Кеден Одағында болса да, суверенді мемлекет шекарасы арқылы жүкті құқық белгілеуші құжаттарсыз алып өту бәрібір бұзушылық болып саналады. Сонымен қатар, әзірше ҰКП-ға қазақстандық жүк жөнелтушіден немесе көлік ұйымынан бірде бір өтініш келіп түскен жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитарлық бақылау жөніндегі комитетінде де, ҚР Экономика министрлігі жанындағы Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетте де мұндай жүгіну тіркелмеген. Ал Ресей ауылшаруашылық қадағалау орын алған оқиға жайлы ең алдымен осы органдар мамандарына хабарлауға міндетті болған еді. Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті Салмақты бақылау қызметі Ресеймен шекараға қарай бағыт алған көкөніс өнімдері тиелген қазақстандық жүк көліктері жайлы естімеген.

Бұл төңіректегі жартымсыз ақпарат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының қандай да бір қорытынды жасауына мүмкіндік бермеді. Әрине, бұрыштың бұлай жойылғаны обал. Бірақ өз ұлтының денсаулығына қамқор болу кез-келген мемлекеттің басымдылығы болып табылатынын атап өту керек. Бір айта кететіні, Tengrinews ақпараттық агенттігі жақында, Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті тамақ нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Сәуле Шинбаеваға сілтеме жасай отырып, оқырмандарға 2014 жылы елордалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың 80 тоннадан астам өнімді жойығанын жеткізген еді. Хабарламада айтылғандай, «өнімді жою себебі – жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі немесе ілеспе құжаттардың жоқтығы».

Сонымен бірге, ҰКП мамандары, ресейлік қадағалау органдарының санкцияға қарсы екпінмен отандық кәсіпкерлер мүддесіне тиіп кетуіне алаңдай отырып, барлық мүдделі министрліктер атына Палатаға мұндай оқиғалар жайлы ақпарат беріп тұруды сұрап, хат жолдады. «Атамекен» қажет болған жағдайда құқық алаңында әрекет ететін отындық экспортшы мүддесін қорғауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер