«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушылар еріктілерге арналған қосымша жасап шықты

2015 жылғы 31 Шілде
10791 просмотров

«SAGE Kazakhstan-2015» Ұлттық біріншілігінің жеңімпаздары өз жобалары жайлы айтып берді

Жеңімпаз команда капитаны, 11 сынып оқушысы Темірлан Уәлидің айтуынша, жоба мобильдік қосымша түрінде берілген. Ол жастардың қажет болған жағдайда төленетін, төлем жасалмайтын еріктілер жұмысын жедел түрде табуына мүмкіндік береді.

«Біздің қосымшамыздағы еріктілер жұмысы екі сала бойынша бөлінеді – бұл қоғамдық көмек және әлеуметтік көмек. Осы жобаны жасай отырып, зерттеу жүргіздік. Оның нәтижесіне еліміздегі еріктілер қызметінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау мүмкіндігін алдық. Қазақстанда еріктілер қызметі әлсіз дамыған болып шықты. «Еріктілер ісі дегеніміз не?» деген сауалға көпшілік адамдар бұл басқаларға арналған, материалдық ынталандырусыз жұмыс деп жауап берді», - дейді әріптесі студент Мұхамедәлі Салайдын. Ол сонымен қатар қайырымдылық қорларымен ынтымақтасу жоспарланып отырғанын айта кетті.

Жеткіншектер жобаларының жұмыс берушілер мен әлеуетті еріктілердің бір-бірін табуына сеп боларына сенімді. «Мектеп оқушысы немесе студент қосымшаға кіреді де, еріктілерді қажет ететін компаниялар тізімін бірден көреді. Ол қажет қосымшаны өзіне қосып алады да, ол телефондағы күнтізбесімен байланысып, ескертпелерге жазылады», - деп атады Мұхамедәлі Салайдын.

«Мектепте де, колледжде де, университетте те ешкім кәсіпкер болуға үйретпейді. Қазір әлемде 12-14 жасар жеткіншектер миллиардер атанып жатыр. Ерте кәсіпкерліктің осы үлгісінің SAGE қозғалысының механизмдері мен алгоритмдері арқылы Қазақстанда да таралуын қалаймыз», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының Мүшесі, әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов.

«SAGE Kazakhstan-2015» Ұлттық біріншілігінің үйлестірушісі Ардана Ваширхан жобаның ойдағыдай өткеніне сенімді. «Жобаға оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары да үн қатты. Отбасыларын асырап отырған ата-аналар балаларының жеткіншектік кезден бастап іспен айналысуын қалайды», - деді ол.

Еріктілер қызметіне арналған жоба авторлары мен екінші топ - «Әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясының жеңімпазы әлемдік біріншілікке Сеул қаласына аттанады.

«Эйр Астана» авиакомпниясы біріншілікке қатысушыларды ресми тасымалдаушы атанып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер