«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ең үздік жас бизнесмендерді «SAGE Kazakhstan» айқындайды

2015 жылғы 07 Шілде
10294 просмотров

Астанада ҰКП қолдауымен мектеп оқушылары арасында бизнес-жобаларды қорғау жөніндегі ұлттық біріншілік өтіп жатыр

Өңірлік біріншіліктер өткізілгеннен кейін басты байқауға қатысу құқығын 6 өңір мен Астана қаласынан 13 топ иеленді. Республикалық біріншілік қорытындысы бойынша «Әлеуметтік-жауапты бизнес» және «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағыттары бойынша екі жеңімпаз жоба айқындалады. Тамыз айында жеңімпаз авторлар Сеулға сапар шегіп, онда Қазақстанды халықаралық деңгейде танытады.

«Бұл республикалық біріншілік жыл сайын өткізіліп тұратынына, келесі жылы балалар Қазақстанның барлық өңірлерінен келіп, өз жобаларын таныстырып, Қазақстанды әлемдік біріншілікте танытатынына сенемін», - дейді жобаның ұлттық үйлестірушісі Зәуре Уәлиева.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев өз кезегінде оқушыларға бірнеше кеңес берді.

«Қазірде өмірдегі жетістікке үнемі үздік оқып, мұғалімдер үміт артқан, бәрін жаттап оқитын оқушылар емес, өмір шындығына сай қимылдай алатын, креативті ойлайтын оқушылар жиі жетіп жатады», - деді Палата төрағасының орынбасары.

ҰКП өкілі кәсіпкерлік дегеніміз – тренд деп баса көрсеті. Өзіңе жұмыс жасау – демек «жұмыс берушіге тәуелді болмау, жұмысқа өзің қалаған уақытта келу».

«Мүмкіндіктерді көре алу және орын алып жатқан өзгерістерді оңтайлы қолдана білу, іскерлік рух, атаққұмарлық және табандылық – бұлар бизнесте ғана емес, барлық жерде де қажет. Чарльз Дарвин айтқандай: «Ең күшті түрлер ғана тірі қалмайды, ең ақылдылар, өзгерістерге басқаларынан жақсы икемделгендер тірі қалады», - дейді Нұржан Әлтаев.

Нұржан Әлтаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жастардың кәсіпкерлікті үйреніп алғанына мүдделі екенін баса көрсетті. «Білім және ғылым министрлігі мектептерде кәсіпкерлік негіздері пәнін енгізуін алға тартып жүргенімізге бір жыл болды», - деп айта кетті Палата басқармасы төрағасының орынбасары.

«SAGE Kazakhstan» Халықаралық білім беру бағдарламасын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Жастар кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі қор үйлестіреді. ҰКП сонымен қатар бағдарлама серіктесі болып табылады.

SAGE – әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық және басқа да тенденцияларды ескере отырып оқушыларды әлеуметтік кәсіпкерлікке және әлеуметтік жауапкершілікті бизнес жүргізуге оқытатын бейкоммерциялық халықаралық білім беру бағдарламасы. Бағдарламаның ұйымдастырушысы АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Бразиялия, Қытай, Филиппин, Украина, Ресей, Оңтүстік Корея, Нигерия, Оңтүстік Африка және басқаларын қоса алғанда әлемнің көптеген елдерінің қатысуымен Калифорния мемлекеттік университеті атанды.

Байқау және жалпы бағдарлама туралы егжей-тегжейлі ақпаратты www.sage.kz сайтынан алуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер