«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Темір Тұлпар НТ» жақтастары табылды

2015 жылғы 21 Шілде
11202 просмотров

ҚР Автокөлікшілер одағы әкімдікті прокуратура талаптарын орындауға міндеттеуді және қысым көрген автопаркке бағдарларды қайтаруды талап етуде.

«Көптеген кәсіпкерлер осы түйткілді шешуді алаңдап күтіп отыр (сөз «Темір Тұлпар НТ» төңірегіндегі жағдай жайлы болып отыр), себебі еліміздегі басқа өңірлерде де қалыптан тыс жағдай орын алып отыр. Тасымалдаушылар мен жергілікті атқару билігі арасындағы сот процестері Алматыда, Қарағандыда, Шымкентте, Өскеменде де орын алған», - деп мәлімдеді одақтың бас директоры Сәбит Аманбаев.

Сәбит Аманбаев бірнеше мысал келтірді. Олардың біразы БАҚ-та жарияланған еді. «Алматы қаласының жеке меншік тасымалдаушыларының мүдделерін танытушы қауымдастық қала әкімдігінен (автомобиль көлігі жайлы заң талаптары мен Алматы Мәслихаты шешімі негізінде) маршруттық автобустарда жолаушылардың жеңілдікпен жүруі үшін кететін шығынның орнын өтеуді талап етуде. 2011 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан түйткіл қазір қаладағы ауданаралық экономикалық сотта қаралып жатыр», - деп хабарлады ол.

Одақ басшысы аудит деректерін келтірді. Оған сәйкес Алматы автопарктері 2013 жылы 587 миллион теңге сомасына шығын шеккен. Осының салдары ретінде парк көлемді түрде тозуда, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төнуде және халыққа қызмет көрсету мәдениеті нашарлауда.

«Қарағандыда қала әкімдігі тасымалдаушы кәсіпкерлер түйткілдерін шешудің орнына, бәсекелесуші екінші диспетчерлік қызметтің функциялануына жол беріп, күрделендіруде, тасымалдаушылар шығындарын субсидиялаудан бас тартады және сонымен бірге муниципалдық парк құруды жоспарлап отыр. Шымкентте тендерді жеңіп алған автобус кәсіпорнына бағдарда жұмыс жасауға кірісуге мүмкіндік бермейді. Өскеменде «Үлбі транс» ЖШС банкроттыққа ұшыратылған, - деді Сәбит Аманбаев.

Ол тасымалдаушылардың ЖАО әрекеттестігіндегі осы жағымсыз деректердің барлығы «автокөлік саласындағы кәсіпкерлер қызметін реттейтін кормативтік базаның дағдарысынан» хабар беріп отыр деп есептейді. «Заңнамадағы қайшылықтар, нарық субъектілері мен ЖАО нормаларды бірдей түсіндірмеуі, орындалмайтын немесе әрекет етпейтін нормативтік актілер кәсіпкерлер мүдделеріне қысым жасауды жалғастыруда және жолаушылар автобус тасымалын тиісті деңгейде ұйымдастыруға кедергі келтіреді», - деді одақ басшысы.

Сәбит Аманбаев Автокөлікшілер одағы Астана қаласы автомобиль көлігі және автомобиль жолдары басқармасын қадағалау органы ұйғарымының талаптарын мүлтіксіз орындауға шақыру қажет деп есептейтінін мәлімдеді. Ол сонымен қатар Президент Әкімшілігіне сәйкес хат жаза отырып, түйткілге назарын аударуды атады. Ол сондай-ақ үкіметтің еліміздегі өңірлер мен қалаларда орындалуы міндетті «Жолаушыларды автобуспен тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі бірыңғай талаптар туралы» Ережені дайындап, бекітуін ұсынды. Одақ басшысы бұл ереже әрбір өңірде автомобиль көлігінің (Алматы мысалында) жекелеген басқармасы (бөлімі) жасақталуын; ұйымға тасымалдаушылар қауымдастығының жәрдем көрсетуін (олар жоқ жерде); бірыңғай диспетчерлік қызмет ұйымдастыруды; тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау жөніндегі комиссия құруды; субсидиялау және бағдарларға қызмет көрсету шарттарын міндетті түрде жасау тәртібін көздеуге тиіс деп есептейді.

Сәбит Аманбаевтың айтуынша, жаңа нормада мемлекеттік сыңайлы, муниципалдық автобустар паркін құруға тыйым салуды айту маңызды. «Олардың болуы жергілікті атқару органдары мен кәсіпкерлер мүдделерінің арасында қақтығыс туындатады. Мұндай қақтығысты қазір Астана мен Алматыда байқап отырмыз. Ал оның нәтижесінде бірінші кезекте жолаушы зардап шегеді», - деп қосты ол.

«Негізінде муниципалдық (мемлекеттік деуге де болады) автобус парктерінің функциялануын егжей-тегжейлі қарастыру керек. Қазақстанның нарықтық экономика құру жолымен жүруге шешім қабылдағанынан бері 25 жыл өтті. Мемлекеттің экономикадағы бизнес ұсынылған салаларға араласпау қағидаты айқындалған», - деп атады одақ басшысы.

Ол «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының болуына тек мына жағдайларда ғана жол берілетінін еске салды: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмау; мемлекеттік меншіктегі стратегиялық нысандарды пайдалану және ұстау; мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы ұйымдардың қызметті іске асыруы; сәйкес тауар нарығында жеке меншік кәсіпкерліктің болмауы және т.с.с. «Муниципалдық автобус парктерінің болуы жоғарыда аталған талаптардың ешқайсысына сәйкес келмейді және сондықтан да одақ, бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету үшін, көлікте жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарының барлығын жекешелендіру қажет деп есептейді», - деп қорытты Сәбит Аманбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер