«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Автобус жанжалы: жалғыздың үні

2015 жылғы 21 Шілде
10112 просмотров

Астанадағы жолаушылар тасымалы саласындағы түйткілдер туралы ақпаратты теріске шығарған автопарктер «Темір Тұлпар НТ» серіктестігінен алынған бағыттарға ие болды

«Қолда бар мәліметтер бойынша кеше БАҚ алдында сөз алған автопарктер осы бағыттардың жеңімпаздары болып табылады («Темір Тұлпар» НТ автопаркінен алынған - авт.еск.)», - деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко. Ол сонымен бірге өз қызметін қорғап жүрген автопарктердікі қалыпты азаматтық ұстаным екенін атап өтті.

Олег Савеленко бірнеше ай бұрын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Темір Тұлпар НТ» автопаркінен өтініш келіп түскенін хабарлады. Онда автопарк құқығының бұзылғанын және бірқатар бағыттарының тартып алынғаны туралы мәлімдеген. Осыдан кейін қаладағы өңірлік кәсіпкерлер палатасы қоғамдық мониторинг өткізіп, әкімдік тарапынан заңсыз әрекеттер орын алғанын айқындайды. Сонда ҰКП Астана қаласы прокуратурасы мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелесікті қорғау комитетіне жүгінеді. «Тасымалдаушылармен арадағы шарттың заңсыз бұзылғандығы туралы ақпарат расталды. Прокуратура прокурорлық әрекет актілерін енгізіп, аталмыш хабарламаны кері қайтарып, сондай-ақ тасымалдаушылармен азаматтық-құқықтық қатынастарды қайта жалғастыруды талап етті. Алайда, біздің деректер бойынша, 30 маусымда бағыттарды белгілеу мақсатында тендер өткізілді», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ҰКП өкілінің айтуынша, бұзушылықтар, оның ішінде Астана қаласы прокуратурасы анықтаған бұзушылықтар бойынша Ұлттық палата қосымша Мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде агенттіктің департаментіне жүгінген. «Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті қараған арызға байланысты айтатын болсақ, өкілетті орган оны қарау мерзімін, ақпараттың жетіспеуіне байланысты ұзартты», - деп Олег Савеленко толықтырды.   

«Темір Тұлпар НТ» бойынша сот процесіне түсініктеме жасай отырып, Олег Савеленко автопарктің іс бойынша өз мүддесін қорғап алу үшін барлық дәлелдік негіз бар екенін баса айтты. Атап айтсақ, бұл  прокуратураның заңсыз берілген хабарлама туралы ұсынысы, келісімшарттарды бұзу жөніндегі әрекетті тоқтататын сот актісі. «Темір Тұлпар НТ», бізге белгілісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәніне жүгінген. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы мәселелерді тиісті түрде қарап, заңды шешім қабылдайды деп сенеміз», - деп қорытты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер