«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Монополияға жол жоқ!

2015 жылғы 20 Шілде
9789 просмотров

Қазақстанда жер қойнауларын пайдалану саласында бизнеске арналған ережелер өзгертілуде

Қазақстандық жер қойнауын пайдалану жүйесі австралиялық әдістеме бойынша реттелетін болады, деп хабарлады инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинге.

Ол «австралиялық жүйені қолданумен даярланған жаңа заң әзірше тек пилоттық жоба ретінде қабылданды» деп атап өтті. Жаңа құжат «әкімшілік кедергілер мен рұқсат ету процедураларын түбегейлі төмендетуге, жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының мерзімдерін қысқартуға» бағытталған.

«Австралиялық үлгінің мәні неде? ҚР күллі аумағы блоктарға бөлінеді де, жекелеген блокқа жер қойнауын пайдалануға құқық алу 25 күнді ғана алатын болады. Салмақты түрде жеңілдетулер орын алады. Бес жыл бұрын ол үшін бірнеше жыл кетуші еді», - деп атады министр.

Әсет Исекешев берген деректер бойынша, «бір блоктың мөлшері 2 шаршы шақырымды құрайды, дәл осы блокқа 1000 доллар жалдау мөлшерлемесімен».

«Егер алдыңғы заңнама жер қойнауын пайдаланушының айтарлықтай үлкен аумақты алып, қалған аумақтарды қатырып қойып, нақты бір учаскелерде ғана барлау жүргізуіне мүмкіндік берсе, енді ереже өзгереді», - деді Әсет Исекешев.

«Енді тек нақты блоктарды ала аласыз, және де әрбір блок үшін мемлекетке жалгерлік мөлшерлеме төлеу қажет және осы блокқа инвестиция түсу міндеттемесін қамтамасыз ету керек», - деп қосты министр.

Бұл жағдайда басымдылық анық, деген сенімде Әсет Исекешев. Үлкен бір аумақта бірден бірнеше инвестор жұмыс жасайды да, олар жұмысқа жылдам кірісу мүмкіндігін алады. Мемлекет те бюджетке де әрі жаңа жұмыс орындары түрінде де жылдам қайтарым ала отырып, зиян көрмейді.

«Енді үлкен аумақтарды жылдар бойы ұстап отыру пайдалы емес, себебі әрбір блок үшін жыл сайынғы жалдау ақысын төлеу қажет», - деп түйіндеді инвестициялар және даму министрі.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер