«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанға арбитраж не үшін қажет?

2015 жылғы 17 Шілде
19407 просмотров

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында «Арбитраж туралы» заң жобасы дайындалуда. Ол осы жылдың сәуір айында Парламент Мәжілісінің қарауына түсті.

Аталмыш құжат сарапшылар, практикадағы заңгерлер қатысуымен еліміздің бас заң шығарушы органы қабырғасында бірнеше мәрте талқылаудан өтті, алайда ол бойынша ақтық шешім әлі қабылданған жоқ. Осыған қарағанда, арбитраж туралы заң кешірек мақұлданатын сияқты, демек, оны «әрлеп», барлық мүдделі тараптардың көңілінен  шығатындай етіп қабылдауға уақыт бар.     

Бүгінде аталмыш заң жобасын қабылдау қажеттігі туындауына не себеп болып отыр? Оны дайындауда халықаралық тәжірибе ескерілді ме? ҰКП Арбитраж орталығы қандай ұсыныстар енгізді? 

«Атамекен» ҚР ҰКП Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығының бас хатшысы Жұмабай Шәмшиевке осы және басқа да сауалдарды қойған едік. Бас хатшы заң жобасымен жұмыстың қалай жүріп жатқанын, және де ҰКП-ның Арбитраж орталығы тұлғасында осы заңды жетілдіруге қандай үлес қосып жатқанын айтып берді.  

- «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығының қызметкерлері де арбитраж туралы заңды талқылауға белсенді түрде ат салысып, олардың ұсыныстары Жұмыс тобы мүшелері тарапынан түсіністік пен қолдау тапты. Бұл аталмыш заңның шын мәнісінде біздің ойымыздағыдай қалыпта қабылданады, яғни барлық халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді деген сенім береді.

Дей тұрғанмен, кейбір ерекше тұстар да жоқ емес, мәселен, жобада мемлекеттік органдар меншігі болып табылатын немесе акциялар не жеке меншік акциялар түріндегі мемлекеттік меншігі бар шаруашылық етуші субъектілер арбитражға тек уәкілетті орган келісімімен ғана жүгінуге тиіс деген норманы енгізу ұсыныуда.

Алайда біз мұндай норманың қабылдануына келіспейміз, себебі ҚР Конституциясы бойынша (6 бап), Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік бірдей қорғалады әрі мойындалады. Сондықтан да қандай да ерекшеліктер беру немесе осы құқықты шектеу дұрыс болмаушы еді. Әрбір шаруашылық етуші субъект ешбір рұқсатсыз арбитражға жүгінуге құқылы болуға тиіс.

Кейін ескерілу үшін қарауға енгізіп жатқан принципті мәселелер де баршылық. Мысалы, арбитраждық сот, төрешілер мәртебесі, процедура реттемесі түсініктері жайлы сөз болғанда.

Арбитраждық негізінде жеке меншік құқықпен реттемеленетінін білесіздер, және де тараптардің тілегі басты болып табылады. Іс қандай мерзімде қаралады, қандай төрешіні таңдау керек, оның заңгерлік білімі болуы керек пе, жоқ па,  олар үшін адамның арнайы танымдарға ие болуы, жасы, әлеуметтік жағдайы, басқа да критерийлерге қарамастан, талаптарына сәйкес келуі маңызды.

40 жылдан астам уақыт бойы күллі әлемде коммерциялық құқық  саласында реформалар жүргізуге маманданған Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіндегі негізгі заңгерлік орган – ЮНСИТРАЛ Типтік заңы да осындай талаптарды ұстанады. Аталмыш ЮНСИТРАЛ Типтік заңының талаптарына сәйкес, төреші, ең алдымен әрекетке қабілетті болуға тиіс, екіншіден, ол тараптарға тәуелді болмауға және істің нәтижесіне мүдделі болмауға тиіс. Онда жас бойынша да, мамандық бойынша да, тәжірибесі бойынша да ешқандай талаптар жоқ, себебі тараптар таңдайды, ал олар таңдап, сенім білдіріп жатса, онда бұл олардың тәуекелі болып шығады. Және де осындай төреші қабылдаған шешімді олар қабылдайды.

Бір айта кететіні, мұндай процедураның пайдалылығына өз тәжірибемізде көз жеткізген едік. ҰКП арбитраждық орталығы 5 істі қарап, олар бойынша шешімдер қабылдады. Бір жағдайда екі тарап та қанағаттанды, дегенмен, жиі кездесіп тұратындай, жауапкерлер шешімге үнемі қанағаттана бермейді, себебі міндеттемелерді орындауды қаламайды. Ал талапкер тіпті біздің орталықтың қызметтерін алда өз компаньондарына ұсынып жүретінін мәлімдеді, өйткені бізде тәжірибелі заңгерлер, көп жыл еңбек өтілі мен белгілі бір машыққа ие құқықтанушылар бар.

- Ал Қазақстанда кім төреші бола алады? Жас шамасы жағынан шектеулер бар ма?

- 2004 жылы қабылданған «Халықаралық арбитраж туралы» ҚР заңына сәйкес, 25 жасқа толған адам төреші бола алады. Жаңа заң жобасында жасты 35 жасқа ұлғайту ұсынылуда. Сонымен қатар, егер бұрынғы заңнама бойынша дауды жеке-дара шешуші төрешінің жоғарғы білімі және кем дегенде заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуға тиіс болса, жаңа заң жобасы бойынша өтілі кем дегенде 5 жыл болуға тиіс.

Өтелмеген және алынып тасталмаған соттылығы бар, мемлекеттік қызметкер, парламент, мәслихат депутаты, әскери қызметкер болып жұмыс жасайтын адам төреші бола алмайды.

Әрине, әрбір арбитраж, ең алдымен, өз төрешілерімен құнды. Олардың қаншалықты кәсіпқой болып табылатын, тәжірибесі қандай екені, негізінде кім болып табылатыны өте маңызды, сондықтан да қазір төрешілікке тек отандық танымал ғалымдарды және тәжірибедегі заңгерлерді ғана емес, шетелдіктерді де жұмысқа алуға тырысамыз. Бізде Қазақстан Республикасының резиденті емес төрешілер де бар. Оларды жұмысқа тарта аламыз. Бұл әлемнің ең үздік оқу орындарында білім алған, корпоративтік құқық, қосылу және жұтып алу, дауларды шешу, энергетика және табиғи ресурстар және т.б. салаларда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие жоғары білікті мамандар. Яғни олар тәжірибелі заңгерлер және тараптар қалап жатса, оларды кез-келген дауды шешу үшін шақыруымызға болады. Бірақ қазақстандық төрешілер, ғалымдар, тәжірибедегі заңгерлердің олардан кем түспейтінін, ал кейбір салаларда тіпті одан да құзыретті екенін баса айтқым келеді.

- Төреші қаншалықты тәуелсіз? Оның қатысуымен қаралатын даулардың әділетті түрде шешілеріне сенімді болуға бола ма?

- Бұл мәселені, төрешінің тәуелсіздігіне, дәл судьялар тәуелсіздігіне сияқты, көп назар аудару керектігін баса айта отырып, жұмыс тобының талқылауларында бірнеше рет көтерген едім. Бұл төрешілердің ғана емес, судьялардың да басты мәселесі, себебі объективтілік пен әділдік осыған негізделеді. Егер судья тәуелсіз, істің нәтижесіне мүдделі емес болса, әрине, ол объективті түрде қарайды, сондықтан да төреші қызметімен байланысты заңдарды қабылдауда осыған айтарлықтай назар аударамыз. Егер бұл тұрақты әрекет ететін арбитраж бен оның төрешілеріне қатысты болатын болса, онда, ең алдымен, судья (төреші) тараптардан тәуелсіз болуға тиіс. Керісінше жағдайда дауға қатысушыларда қаралатын іске деген теріс ұстаным бар деген ой туындауы мүмкін. Төрешіні таңдау кезінде оның қандай да бір іс бойынша ұшырасуы, адвокат қызметіне, осы фирмамен байланыстылығы және т.б. ескеріледі. Сонымен қатар, оның өзіне жүгінген тараптар мәселесі жөнінен маман болып табылатын-табылмайтындығын анықтаймыз, сонымен қатар дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды ескереміз.

Шын мәнісінде, ЮНСИТРАЛ Типтік заңында сияқты, тұрақты қызмет жасайтын арбитраж басқарушы құрылымға да, ешкімге де, не ұйымдастыру, не функционалдық, не қаржы тұрғысынан тәуелді болмауға тиіс. Егер ондай факт бар боп жатса, онда шаруашылық етуші субъектілер сақтық таныта бастайтыны сөзсіз. Сондықтан да біз төрешілердің де, тұрақты қызмет ететін арбитраждық мекемелердің де тәуелсіздігін алға тартамыз.

ҰКП Арбитраждық орталығы төрешілердің біліктілігін көтеру бойынша жұмыс жасайтынын, үнемі конференцияларға, соның ішінде халықаралық конференцияларға да қатысып отыратынын айта кету керек. Осы жылдың мамыр айында ҰКП-да Лондон төрешілер институтының өкілдері оқыту өткізді. Жақында төрешілер үшін медиация мәселелері бойынша ұйымдастырып, онда көптеген жаңа да пайдалы ақпарат алдық.  

Менің ойымша, мұндай оқыту формаларын кәспкерлер үшін де өткізу қажет әрі жүйелік тұрақты негізде (түрлі деңгейдегі бизнесмендерге арналған университет немесе академия түрінде), сертификаттар берумен. Қазақстан дамыған 30 ел қатарына кіруге талпынуда. Әрине, онда бизнес менеджменті жоғары деңгейде және біздің де бұл мәселеде артта қалуымызға болмайды. Өз бизнесмендерімізді дайындауымыз қажет, себебі ДСҰ-ға кірген соң бәсеке күшейе береді, жаһандану жалғаса береді, жақын ғана емес алыс шетелмен де экономикалық ынтымақтастығымыз өсіп келеді. Менің ойымша, бизнес өкілдерін оқытуды өңірлерде де өткізу қажет, онда отандық қана емес, шетелдік сарапшылар да дәріс оқушы еді. Ал екі-үш жылдан кейін бизнес жөніндегі жоғары санатты менеджерлерді бітіртуге болады. Себебі, мемлекеттік экономикалық саясатта айқындалғандай, бизнестің дамуын ынталандыратын, сонымен қатар дауларды баламалы түрде шешу институтын құра отырып, олардың қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін орта құру қажет. Және де бұл арбитраж және медиация ғана емес, туындайтын дауларды шешуге көмектесетін басқа да процедуралар. Болашақта тараптар дауды өз беттерінше, іскерлік дәстүрлер негізінде шешу мүмкіндігіне келе аламыз. Бизнесмендер арасында қақтығыссыз қатынастарға түрткі болатын орта құру қажет. Яғни бәрі де дауды қақтығыссыз шешуге талпынатын болады да, осылайша, сөз іске теңестіріліп, уәде етілген нәрсе міндетті түрде орындалатын, ал уәдесін орындамаған жанды басқа адамдар сөзінде тұрмайтын деп танып, басқа бизнесмендер әріптесуден қашатын жағдай орнайды.

- Арбитраж туралы жаңа заң несімен тартымды?

- Бұрындары істі қайта қарауға негіздеме болған қабылданған шешімнің заңдылығы сияқты ұғым алынып тасталды. Арбитраж ерекшеліктерінің бірі іс мәнісінде шешімдердің қайта қарауға тиесілі еместігінде. Сонымен қатар құпиялылық сақталады, мәселе жедел қаралады, мемлекеттік соттардағыдай әуре-сарсаңға жол берілмейді (апелляциялар, кассациялар, қадағалау).  

Болашақ арбитражда. Бұл қарым-қатынас мәдениетін, қоғамда тұрақтылық орнатады. Адамдар істі қақтығыс жағдайына жеткізбей, мәміле іздеу немесе екі тарап үшін де тиімді шешім табу жолымен ізгі ниетті ауанда шешеді.

Сонымен қатар бұрын істі қарау процедурасын тежеп, бөгет жасаған көптеген нормалар алынып тасталуда, мәселен, процедуралар шектен тыс реттемеленген еді, ал бұл арбитражда қажет етілмейді.

Біз сонымен қатар арбитраж тәуелсіздігінің формалары анық айқындалуын ұсындық. Тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін арбитраждық мекемелер қалыптасуының бастапқы сатысында қаржыландыру үшін, не төрешілердің істер бойынша қызметтеріне төлем жасау үшін, ондағы арбитраждық алым білінер-білінбес, сонымен қатар төрешілер оқуымен, олардың біліктілігін көтерумен, заң жобасын сараптаумен және ресубликадағы арбитраждық институттарды дамытуға қажет басқа да шаралармен айналысатын қор құрылуы тиіс.  

Арбитраж туралы заң бизнесмендердің туындаған дауларды жедел, еш әуре-сарсаңсыз шешуіне мүмкіндік беретіндігімен тартымды. Өйткені олар үшін істі қарау үшін, күшін жою не қайта қарауға кетіп қалатын уақыт қымбат, қосымша қаражат жұмсалады да, ақырында адамның бизнеспен айналысу ниеті жоғалады. Заңды қабылдаумен, сондай-ақ басқа да шаралар арқылы біздің арбитраждың ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеріне, кәсіпкерліктің тиімді түрде дамуына сеп боларына сенімдіміз.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер