Бизнеске Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары түсіндіріледі
3 шілдеде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың қатысуымен Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттарын түсіндіруге арналған «дөңгелек үстел» өтеді.
Үстіміздегі жылдың 22 маусымында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы құжаттар пакеті бекітіліп, ресми қабылдау үшін ДСҰ Бас кеңесіне жіберіледі.
Қазақстанның ДСҰ-ға қосылауы туралы Хаттаманы ратификациялау 2015 жылғы 31 қазанға дейінгі мерзімде жүргізілуге тиіс. Ратификациялау күнінен бастап 30 күн өткен соң Қазақстан ресми түрле ДСҰ 162-мүшесіне айналады.
Қазақстан тауарларға қатысты орташа өлшенген кедендік тарифті ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі аясында әрекет ететін 10,4%-дан 6,5%-ға дейін төмендетеді. Кедендік одақ құрылғанға дейін Қазақстанның орташа өлшенген кедендік тарифі 6,2% құрағанын атап өту керек.
Ауылшаруашылық тауарлары үшін кедендік баждардың орташа деңгейі 10,2% құрайтын болады (БКТ аясында 17%-ға қарсы), ал өнеркәсіптік тауарлар үшін - 5,6% (БКТ аясында 8,7%-ға қарсы).
3 512 тауар жайғасымы бойынша (автомобильдер, тамақ өнімдері, ағаш материалдар, зергерлік бұйымдар, сымдар, шоғырсымдар, сусындар және басқалары) ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінен Қазақстаннан алып тастаулар орын алады, яғни аталмыш тауарлар бойынша кеденік баж мөлшерлемелері БКТ-дан төмен болады.
Етке деген тарифтік квоталар мөлшерлемесін ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізілген (сиыр еті, шошқа еті, құс еті).
Қазақстан қызметтердің 10 секторы бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеттемелерін мойнына алған, сонымен қатар 116 кіші сектор бойынша (ДСҰ сыныптауышында көзделген 155 кіші сектордан алғанда), оның ішінде телекоммуникациялар, сақтандыру, банк қызметтері, көлік, туризм, сауда саласы және басқалары бар.
Қосылған күннен бастап төрт жыл бойында Қазақстан Үкіметтік сатып алулар туралы келісімге қосылу туралы келіссөздерді бастайды
Жер қойнауларын пайдалану келісімшарттарында жергілікті мазмұн талаптары түріндегі қолдау шаралары 2021 жылғы 1 қаңтарға қарай жойылуға тиіс.
ДСҰ-ға кірген соң экспорт және импорттың орнын ауыстырумен байланысты субсидиялардың барлығына тыйым салынуға тиіс.
Мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алуларындағы коммерциялық қайта сату немесе оларды коммерциялық сату мақсатында тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін қолдану мақсатындағы жергілікті мазмұн талаптары ДСҰ-ға кірген сәттен бастап күшін жоюға тиіс.
Ауыл шаруашылығын қолдаудың біріктірме шараларының көлемі («кәріптас» себеті) Қазақстан ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5% деңгейінде белгіленген. Салыстыру үшін, ЕАЭО аясында саудаға бұрмалаушы әсерін тигізетін мемлекеттік қолдау көлемі 10%-дан аспауға тиіс. Жалпы, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидия ұсыну мүмкіндігі толық көлемде сақталады.
Отандық ауылшаруашылық өндірушілері мен ауылшаруашылық қайта өңдеушілері үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жойылуға тиіс.
Қабылданған міндеттемелерге сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Еркін экономикалық аймақ қатысушылары мен Қазақстанның еркін қоймалары иелеріне арналған кедендік жеңілдіктер 2017 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.
Автомобиль өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік құрастырудың қолданыстағы келісімдерінде қолданылатын тарифтік жеңілідктер 2018 жылғы 1 шілдеге дейін жойылуға тиіс.
Қазақстан сонымен қатар техникалық реттеу, сондай-ақ санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық реттеу жүйесінің ДСҰ ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттемелерді қабылдады.
Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын, ал шарттардың қайта қаралуы тиістігін ескере отырып, Ұлттық палата кәсіпкерлерге, сарапшыларға БАҚ-қа Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің экономикалық салдарын талқылауға қатысуды ұсынады.
«Дөңгелек үстел» 2015 жылғы 3 шілдеде сағат 15:00-де мына мекенжейда өтеді: Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» ӘҒ, «Б» блогы, 26 қабат, «Түркістан» конференц-залы.
Алдын ала тіркелу міндетті.
Астана қаласында өтетін «Дөңгелек үстелге» қатысу мәселелері бойынша ҚР Экономикалық интеграция департаментіне мына телефонмен жүгінуге болады: 8 /7172/ 919-372, 919-373, немесе электронды мекенжай m.zhanabergenova@palata.kz
Қазақстан өңірлерінде бейнеконференция жолымен «дөңгелек үстелге» қатысу мәселелері бойынша сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жүгінуге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: