«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан кәсіпкерлері шығынға ұшырап отыр

2017 жылғы 07 Ақпан
11576 просмотров

Отандық бизнес ДСҰ мөлшерлемесі бойынша өзінің заңды тауар әкелу құқығын қолдану мүмкіндігінен айрылды

Бүгінде Белорусиядан басқа Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттері – өзге халықаралық интеграциялық бірлестіктің, яғни 162 мемлекеттің басын қосқан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері.

ДСҰ мүшелікке өтудің негізгі артықшылықтары ол бизнеске әлемдік нарықтың тауарлары мен қызмет түрлеріне, сондай-ақ, дауларды шешудің тиімді механизміне қол жеткізуге қолайлы жағдайлар туғызу болып табылатындығы белгілі.

Қалыптасқан жағдайдың Қазақстан үшін бірнеше қыры бар – ДСҰ сауда елдерінен Бірыңғай кедендік тариф мөлшерлемесімен, сонымен қатар Евразиялық экономикалық комиссиясы бекіткен 2015 жылы 14 қазандағы 1347 тауарлық субпозиция қатарында тұратын №59 алып тастау Тізімі аясында ДСҰ-ның азайтылған кедендік тарифі бойынша да тауар әкелу мүмкіндігі.

Экономикалық интеграция департаменті аталған тізім 2017 жылы қосымша 567 позициямен толықтырылғанын хабарлады, ЕАЭО-ның тауарлық жаңа номенклатурасына сәйкес тізім 2175 аталымды құрады.

Алайда, отандық кәсіпкерлер үшін барлығы да бір қарағандағыдай жақсы емес. Биылғы жылдың екінші айы болды, бизнес ДСҰ мөлшерлемесі бойынша заңды тауар әкелу құқығын пайдаланудан айырылып отыр.

Бұның бір себебі интеграциялық бірлестіктің жекелеген қатысушылар арасындағы келіспеушілік салдарынан алу Тізімін өзекті ету бойынша ұлтаралық шешімнің жоқтығынан орын алып отыр.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың айтуынша, ұлтаралық құжатты жеделдету мәселесі Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бірнеше рет көтерілген, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне, Комиссияға сауалдар да жолданған.

«ЕЭК мәліметінше қазіргі таңда құжат бір айдан астам уақыт бойы қырғыз тарапында қарауда жатыр. Отандық бизнеске осынша «қымбат» құжат Бішкектің әкімшілік ғимараттарында «шаң жинап» жатқаны өкінішті, ал Қырғыз Республикасының атынан Одақ бойынша серіктестеріміз өзара бауырластық түсіністік және жәрдемдесу туралы сенімге қарамастан мәмілеге келу процесін ұзаққа созып отыр», – дейді Дана Жүнісова.

Оған қоса, қолда бар Кеңес Шешімінің жобасында ресми жарияланғаннан соң оның үстіне 2016 жылдың 1 желтоқсанында туындаған құқықтық қатынасқа әрекет таратуымен 10 күнтізбелік күн өткенен кейін бірақ күшіне ету қарастырылған.

Орын алған жағдайды «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі Дана Жүнісова былай деп түсіндіреді: «Бұл отандық кәсіпкерлікті қиын жағдайда қалдырады, себебі 2017 жылдық ақпанына, тиісінше, тауар импортымен байланысты олардың қаржылық қызметінің екі айлық кезеңі ДСҰ-дан Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 280-1-бабының 2-тармағының «Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі» ықпалына ілінеді».

Әрбір құжатта қарастырылған бұзған уақыты жазылған аталған айыппұл түрлері оның еркінен тыс орын алған бұзушылық үшін бизнеске қосымша ауыр жүктеме болатынын түсіну керек.

Осы уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылы қолдану үлгісі мен тиімділігі таныстырылған экономикалық даму министрінің бұйрығы түріндегі қолданыстағы әкімшілік құралы бар. Аталған бұйрық отандық кәсіпкерлерге ұлтаралық құжат жоқ болса да, Қазақстан Республикасына ДСҰ-ның азайтылған мөлшерлемесі бойынша тауар әкелуге мүмкіндік береді.

«Экономикалық интеграция департаменті сараптама жүргізді, мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылы төмендетілген әкелім бажы бойынша Тізімнен тауар тасыған кәсіпкерлер үнемдеуінің төменгі сомасы шығарылған.

2016 жылы ДСҰ-ның азайтылған мөлшерлемесі бойынша 400 млн АҚШ долларынан астам сомаға тауар әкелінген, тауарлық субпозиция қатарының мәліметінше, шекарада ДСҰ мөлшерлемесі БКТ-тен 1-5% төмен болған жалпы импорттың 25% құрады.

Осылайша, ДСҰ мөлшерлемесі бойынша тауар тасыған 1960 салық төлеушілер үшін 1347 тауарлық субпозиция қатары бойынша үнемдеу орташа алғанда ай сайын 400 мың АҚШ долларын құрады.

Жоғарыда көрсетілген үнемдеу сомасы пайыздық айырмашылықтың төменгі шегімен есептелгенін, оның үстіне, позиция қатарындағы пайыздық айырмашылық 1%-дан жоғары, яғни практикада үнемдеудің әлеуметтік сомасы әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескерген жөн», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Долорес Тюлебекова.

Бұдан басқа, егер азайтылған мөлшерлемені қаңтарда және енді осы жылдың ақпан айында қолдану мүмкіндігінің болмауын есептесе, 2016 жылғы есеп негізімен алғанда, кәсіпкерлердің тек жаңадан енгізілген тауарлық позиция бойынша шығыны бүгінде 200-мыңнан аса АҚШ долларын құрайды.

«Қазақстан бизнесі бүгінде ДСҰ-ның мөлшерлемесі бойынша заңды тауар тасуға берілген мүмкіндігінің жоқтығы салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырап отыр.

Бізге 2017 жылға ДСҰ мөлшерлеме көлемін бекіткен құжаттың жоқтығынан БКТ-ге сәйкес, яғни ДСҰ аясында Қазақстан үшін келісілген шамадан әлдеқайда жоғары мөлшерлемеде төлеуге мәжбүр болған кәсіпкерлер шағымданып жатыр. Сонымен қатар, бірқатар импорттаушылар тауарларын БКТ мөлшерлемесі бойынша кеденнен өткізбей, ҰЭМ ішкі Бұйрығының немесе ұлтаралық Келісімнің күшіне енуін күтіп отыр. Шындығында, мөлшерлеме айырмасынан болатын маржа – кәсіпкерлер кірісінің бір бөлігі. Қазір олар ҚР ҰЭМ ішкі Бұйрығына қол қойылуын күтіп, уақытша сақтау қоймасына күнделікті қаражат төлеп отыр, себебі ұлтаралық құжатты қабылдау процесі ұзаққа созылып отыр», – дейді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Алайда, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында отандық бизнеске қолдау қажеттігіне баса назар аударылғанына қарамастан, бүгінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі сылбыр күту позициясын ұстанып отыр. Бұл ретте, ДСҰ азайтылған мөлшерлемесіне қол жеткізу мүмкін болмауынан отандық бизнесті күнделікті қаржылай шығынға ұшыратып отыр.

Оған қоса, «Атамекен» ҰКП алып тастау Тізіміне өзгерту енгізу бойынша Шешім жобасының тарату әрекеті мерзімін – сол Шешімнің күшіне енген сәтінен бастап, 2016 жылы 1 желтоқсанында туындаған құқықтық қатынастарға таратпай, қайта қарау керек деп есептейді, себебі, аталған Шешімнің келесі күші алып тастау Тізіміндегі кеденнен өткізілетін тауарларға міндетті электронды шот-фактура толтыру салдарынан кәсіпкерлерге айыппұл санкциясын салуы мүмкіндігі қарастырылады.

Орын алған жағдайда Қазақстан бизнесі қажетті құқықтық негіздің болмауы салдарынан өзінің аталған заңды құқығын пайдалана алмауға ғана емес, жасамаған әрекеті үшін айыппұл салуға ұшырайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер