«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстаннан Одақ елдеріне жеткізілетін ДСҰ тауарлары айналымына қатысты талаптар мақұлданды

2016 жылғы 24 Тамыз
10659 просмотров

Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында (ЕАҮК) еліміздің ДСҰ-ға мүше болуы аясында ҚР Алу тізіміне енген тауар айналымы кезіндегі тауарларға ілеспе құжаттар бекітілді

Сочи қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы барысында бес елдің Үкімет басшылары Одақ аумағындағы ДСҰ шеңберінде алынатын  қазақстандық тауарлар айналымы кезіндегі тауарларға ілеспе құжаттарды мақұлдау туралы шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқылы мүшесі атанды. Осы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (БКТ) шеңберіндегі тауарларға қатысты кедендік баж салығы мөлшерлемесін азайту міндетін өз мойнына алды.  

Сонымен қатар, Қазақстанға ДСҰ мөлшерлемелері бойынша әкелінетін тауарлардың қозғалысы кезінде  біздің ел бақылау ісін қамтамасыз етуі тиіс еді, және де ЕАЭО-ға мүше басқа да елдер аумағына мұндай тауарлардың шығарылуына жол бермеу мақсатында есептеу жүйесін құру ісін қолға алуы керек болған. Тізімдегі тауарларды тек олар ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері бойынша кіргізілген жағдайда ғана жөнелтуге болады.

Тізімге енген, бірақ елге ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша әкелінген тауарларды сыртқа шығарудағы талап –  тауардың ілеспе құжатының болуы.

ҚР Қаржы министрлігі елдегі нормативтік-құқықтық базаға өзгертулер енгізді. Бұл өзгерістер екі тауардың жөнелтпе құжатын рәсімдеуді қарастырады. Олар:  Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара сауда жүргізу кезіндегі электронды шот-фактура мен кедендік декларация.

ҚР нормативтік-құқықтық базасына сәйкес, тауардың ілеспе құжаттары  Одақ елдерінен келген, Қазақстанда жасалған немесе Қазақстанға ДСҰ-ға мүше болғанға дейін енгізілген тауарларды сату кезінде де қажет болады.  Бұл тұста әңгіме Алу тізіміндегі тауарлар мен төмендетілген мөлшерлемемен әкелу мүмкіндігі бар тауарларға қатысты болып отыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті  отандық кәсіпкерлер, тасымалдаушылар, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырушы басқа да тұлғаларға төмендетілген баж салығы бар тауарларды әкелу және оларды тасымалдаудың жаңа талаптарына қатысты ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізгені аян.  

Ескере кетер жайт, департаменттің ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар мен отандық бизнес өкілдерінің жауапкершілігінің арқасында бүгінге дейін  отандық кәсіпкерлер барынша  бекітілген талаптарға сай жұмыс жасаған.  

Осы орайда, Одақ елдерінің өкілетті мемлекеттік органдарының тауардың ілеспе құжаттары ретінде  электронды шот-фактуралардың (ЭШФ) қағаз түріндегі көшірмелері мен Тізімге енген тауарлардың кедендік декларациясын (КД) қабылдауға заңды негіздемелері болмаған.  

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті ҚР мемлекеттік органдарымен бірлесіп, аталған мәселелерді реттейтін ЕЭК Шешіміне қол қою арқылы ілеспе құжат ретінде ЭШФ мен КД (немесе тауарды жасаушы Қазақстан Республикасы болған жағдайда сертификат) көшірмелерін нормативті түрде бекіту бастамасын көтерген болатын.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамызда бекіткен №5 қаулысы ҚР заңнамалық базасы мен бизнестің мүдделеріне толығымен сәйкес келеді. Департамент өкілдері мұнда да қалыс қалмады. Олар құжатты әзірлеу және оны бекіту жұмысына атсалысты.

Мәселен, бекітілген акт бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан алынатын тауарларды өзге Одақ елдеріне тасымалдау кезінде тауардың ілеспе құжаты ретінде  ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен бекітілген ЭШФ-ның қағаз көшірмесі қабылданады.  

Бұдан бөлек, ЕАҮК қаулысы Тізімге енген, алайда үшінші елден ДСҰ мөлшерлемесіне сәйкес әкелінбеген тауарларға қосымша ретінде қажет тауардың ілеспе құжаттарын анықтайды.

Осы орайда, ҰКП департаменті тауарларды әкелудің келесі жағдайларына байланысты ЭШФ-ға қосымша құжаттарға назар аударуға шақырады:

– ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі мөлшерлемесі  бойынша үшінші елдерден ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен бекітілген кедендік декларация көшірмесі; 

– одаққа мүше өзге елдерден ЭШФ-ның қағаз көшірмесіне қосымша тауарды әкелу өтініші мен ЕАЭО №18 Келісім-шартының Қосымшасына сай жанама салықтарды төлегені туралы көшірме;

– Қазақстанда жасалған тауарларды тасымалдау кезінде Тауарлардың шыққан елін анықтау ережелеріне сай  СТ-1 формалы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсету;

– Еркін экономикалық аумақта және ҚР еркін қоймаларында жасалған тауарларға Қазақстан Республикасы заңына сәйкес берілген СТ-KZ форматты тауарлар туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе «Атамекен» ҚР ҰКП өкілетті органымен бекітілген түпнұсқаны көрсету.

Алу тізіміне енген және Одақ аумағында тасымалданатын тауарлардың жөнелтпе құжаттарын рәсімдеу және оларды әкелудің реті туралы айқынырақ білу үшін  Экономикалық интеграция департаменті  келесі сілтеме бойынша танысуға болатын, ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифтің алулар тізіміне  енген тауарларды әкелу және олардың тауар айналымы туралы ақпарат әзірледі.

Қорытындылай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті отандық бизнес өкілдерінің назарын ЕАЭО аумағында тауарлар айналымының шарттарына аударады. Ол талаптарды ДСҰ-ға мүше ретінде Қазақстан Республикасы бекіткен. Ал  кәсіпкерлік қызметті атқару кезінде Одақтың бекітілген нормативті-құқытқы базасын басшылыққа алуды сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер