ЭКСПО-2017: бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер
«Атамекен» ҚР ҰКП ЭКСПО 2017 көрмесінде отандық компанияларға көмектеседі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезінде елімізде Бизнесті дамыту бойынша әрекет жоспарын талқылау аясында қазақстандық бизнес, «ЭКСПО-2017» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырды. ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде қазақстандық мазмұнды көтеру мәселелері пікірталас тақырыбы болды.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның және «ЭКСПО-2017» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алмаз Жаманбековтің модераторлығымен бекітілген «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезінде еліміздегі Бизнесті дамыту жөніндегі әрекет жоспары» бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Ірі жобаны жүзеге асыру мақсатында ЭКСПО-2017 «ҰК» АҚ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен отандық жеткізушілер пулын қалыптастыру бойынша ынтымақтастық етуге және аталмыш жобада қазақстандық мазмұнды көтеру мүмкіндігі үшін қажет ақпаратты беруге дайын» -, деп мәлімдеді Алмаз Жаманбеков.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өз кезегінде ЭКСПО-2017 нысандарына тартуға ұсынылатын отындық өндірушілер, жеткізушілер туралы ақпарат беруге, сонымен қатар салалық қауымдастықтармен, одақтармен болуы мүмкін түйткілдерді пысықтауға дайын екенін білдірді.
ЭКСПО-2017 басшылығы кәсіпкерлерге «ашық әңгімемен» шықпақшы және жаңа ынтымақтастық жобалары ұсынысын күтіп жүр. Және де құрылыс саласында ғана емес.
«Қазір көріп отырғанымыз тұрғын үй, мейрамханалар және басқаларының құрылысына бөлінген 174 гектар жер ғана. Көрменің өзі Экспо 2017 ішінде – бұл 25 гектар… ЭКСПО-2017 – Ұйымдастырушылар тобы емес, бірінші кезекте еліміз және оның халқы екенін түсіну керек… Отандық өндірушілер өз тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін салынып жатқан нысандарда ғана емес, арнайы киім тігуде де, көрмеге қатысушылар баспанасы үшін жиһаз, химиялық тазарту, клининг қызметтерін және басқаларын ұсына алады. Өз ұсыныстарыңызды беріңіздер, қарап шығуға дайынбыз» - деп Алмаз Жаманбеков бизнес-қоғамдастыққа жүгінді.
Жиналыс қорытындысы бойынша сатылып алынатын тауарлар мен қызметтердің салалық ерекшелігіне қарай түйткілдерді талқылау үшін салалық алаңдарды ұйымдастыру және әрекеттестік Реттемесін дайындау туралы келісулерге қол жеткізілді.
ҰКП өкілдері «Экспо-2017» ҰК АҚ-мен отандық кәсіпкерлердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу туралы техникалық спецификаттауды қоса тіркеумен ақпарат беру туралы келісімге қол жеткізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: