«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушының бутерброды арзандай ма?

2015 жылғы 22 Маусым
7110 просмотров

Мектеп асханаларын жалдау бағасы бұрынғы деңгейіне қайтып оралады

БАҚ-та аталып өткендей, жаңа «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру ережесінің» енгізілуіне орай мемлекеттік мүлік жалгерлері жалдау ақысының бірнеше мәрте ұлғаю түйткіліне тап болады.

Облыс әкімдіктеріндегі қаржы басқармаларының пайымынша, жалдау ақысын көтеруге үш себеп негіз болған: есептік құн үшін базалық мөлшерлемені өзгерту; аумақтық орналасу коэффициенті; қызмет түрін ескеретін коэффициент.

Аталмыш Ережені дайындаушы (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) ҰКП-ға сараптамалық қорытынды алу үшін ұсынды. Бірақ құжатта жылдық жалдау ақысының мөлшерін есептеуге арналған коэффициенттер мөлшерлемелері жайлы деректер жоқ болып шықты.

Дей тұрғанмен, Ереже құрылыс типін, адам тұрмайтын жай түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушы қызметінің түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескере отырып қолданылатын коэффициенттер мөлшері мен базалық мөлшерлемелермен қабылданды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитетінің Хатшылығы осының алдында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне хат жолдаған еді. Онда Палата мемлекеттік мүлікті жалдағаны үшін мөлшерлемені көтеруге үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді.

Осыған орай, ҚР Ұлттық экономика министрлігі аумақтық орналасуды ескеретін коэффициентті төмендету жағынан Ережеге өзгерту енгізді. Сонымен қатар, мектептерде түстенетін залдар (асханалар) ауданы жалдау төлемінен босатылатын болады.

Осылайша, министрлік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесіне түзету жүргізіп, бірыңғай ұстанымдарды ескере отырып мектеп асханаларының бөлмесі үшін жалдау ақысын алу механизмін өзгертті.

Бүгінде Ереже «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мақұлданып, ҚР Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер