«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мырзалар, тәбетімізді басайық!

2015 жылғы 10 Маусым
8256 просмотров

Келесі оқу жылының басында мектептер, балабақшалар мен интернаттар жанындағы 16 301 асхана қаражатсыз қалуы мүмкін!

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендер үшін мемлекеттік мүлікті жалға алу төлемін ұлғайтуға қарсы.

Осыған орай «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева ҚР Қаржы министрлігіне хат жолдады. Хатта Палата мемлекеттік мүлікті жалға алғаны үшін мөлшерлемені көтеру тәжірибесіне үзілді-кесілді келіспеушілігін білдіреді.

Хат жазуға балалардың мектепке дейінгі және білім беру мекемелерін жалға алушы кәсіпкерлердің өтініштері себеп болған.

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылар (…) жаңа «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ережесінің» енгізілуіне байланысты жалгерлік ақыны бірнеше мәрте көтеру түйткіліне тап болды», - деп жазады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары. – «Қазірде мектепке дейінгі және білім беру орындарын жанындағы асханалар жалгерлері облыстардағы, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларындағы Қаржы басқармаларынан әрекеттегі шарттарды қайта жасасу туралы хабарламалар алып жатыр. Алдын-ала есептеулер бойынша, білім беру мекемелері жанындағы асхананы жалдау ақысының құны 9 есеге жуық өседі».

Қаржы басқармасының көзқарасы тұрғысынан, жалға алу ақысының құнын ұлғайтуға негіз болған үш себеп: есептік құн үшін базалық мөлшерлемені өзгерту; аумақтық орналасу коэффициенті; қызмет түрін ескеретін коэффициент.

Дайындаушы (ҚР Ұлттық экономика министрлігі) аталмыш Ережені ҰКП-ға сараптамалық қорытынды шығару үшін ұсынды. Алайда онда жылдық жалдау төлемі мөлшерлемесін есептеуге арналған коэффициенттер мөлшері туралы деректер жоқ.

«Дей тұрғанмен, Ереже құрылыс типін, бос тұрған жай түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын және өзгелерін ескеретін қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері және базалық мөлшерлемелермен қабылданған», - деп жазады Гүлнар Құрбанбаева.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, біріншіден, кәсіпкерлік қоғамдастық пікірі мен нарықтық жағдайдағы объективті бағаны ескере отырып базалық мөлшерлемелер мен коэффициенттерді қайта қарау қажет деп есептейді. Екіншіден, ҰКП өкілдері Ережеге өзгертулер енгізгенге дейін шарттарды қайта жасасуды тоқтата тұруды талап етеді. Керісінше жағдайда, бұл оқу жылының басында еліміздегі мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және оқу мекемелеріндегі 16 301 асхананың дұрыс жұмыс жасай алмауына алып келеді.

Палата министрлікке әдіснамалық қолдау көрсетуге және базалық мөлшерлемелер мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерлерін қайта қарауға қатысуға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер