«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәулет Ерғожин: Бизнесмендердің көпшілігі салықты адал ниетпен төлейді

2015 жылғы 12 Маусым
9463 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин салық бақылауын күшейту және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша мемлекет қолданған шараларға түсінік берді

«Алматы бойынша ресми мәлімдеме жасағым келеді. Түрлі БАҚ-та белгілі бір нақты тұлғаларға қатысты жұмыс жасап жүр деген пікір көбейіп кетті. Бұл жаңсақ ой. Түскен десант құқық қорғау блогы қыметкерлері қатарынан болған жоқ. Бұл салық, кеден қызметтерінің қызметкерлері. Онда қазір «тауарды толассыз бақылау» деп аталатын жүйе жөнге келтірілуде: бұл жүйе Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан бастап өткізудің соңғы нүктесіне дейін жүргізіледі. Ол ақырында шектес мемлекеттерден жүктердің толықтай ашық келуін қамтамасыз ету үшін автоматтандырылады», - деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте Дәулет Ерғожин.

Ол мониторинг барысында дәйексіз декларациялау, табыстарды және тауарларды жасырумен байланысты белгілі бір түйткілдер айқындалғанын атады. «Бірақ, жалпы алғанда, салық төлеушілердің басым көпшілігі – Қазақстанның бизнесмендері – өз салық міндеттемелерін орындап жүргенін айтқым келеді», - деп жалғады сөзін комитет басшысы.

Дәулет Ерғожин мемлекеттік табыс комитетінің 1 маусымда басталған салық және кедендік тәртіпті күшейту бойынша жүргізіп жатқан әрекеттерінің жазалау сипатында болмайтынын баса көрсетті.

«Қазір, негізінен, хронометражды зерттеулер жүргізіледі. Салықтық тексерістер тек шағын ғана тұлғалар тобына қатысты жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша бұл шеңбер 200 компаниядан аспайды. Жалпы, ел бойынша олардың саны 1200-ден артық емес. Еліміздегі 1,2 миллион шамасындағы салық төлеушіден алғанда бұл бір пайызға да жетпейді. Сондықтан да бұл жерде ешқандай да «бизнеске жоспарланған қысым» жоқ, - деп мәлімдеді ол.

Абылай Мырзахметов өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Мемлекеттік табыс комитетімен үнемі байланыста екенін, және де тараптар арасында осы шаралардың барлығы профилактикалық, талдамалық сипатта болатыны жайлы принципті түрдегі келісім бар екенін атап өтті.

«Бұл жерде бизнеске қысым көрсету емес, осындай түйткілді нүктелер бар екенін көрсету, осыны түзеуге үндеу көзделіп отыр. Сындарлы негіздегі жұмыс дей аламыз», - деді ол.

«Мемлекеттік табыс комитеті осындай акция жүргізілетінін ертерек ескертті. Өңірлік палаталарға тағы да бір мәрте үндеу жолдадық, егер әкімшілік ету жөнінен асыра сілтеушіліктер болып жатса (Өңірлік кәсіпкерлер палаталары ол туралы хабарлаған еді – авт.еск.), жедел түрде араласа аламыз. Мемлекеттік табыс комитеті де осыны сұрап отыр. Екі аптадан кейін осы мәселелерді Комитеттің облыстық департаменттері басшыларының қатысуымен талқылауға келістік», - деп қорытты ҰКП Басқарма Төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер