«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«АСТАНА–1» ақпараттық жүйесі: бизнес сұрағына жауап

2018 жылғы 08 Қаңтар
34724 просмотров

Мемлекеттік кірістер комитеті «АСТАНА–1» ақпарттық жүйесіне қатысты сауалдың жауабын берді

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік процедуралар экспорты электронды декралациялауға көшірілді.

Электронды декларациялау – бұл тауар декларациясын кеден органдарына қашықтықтан беруге және кедендік рәсімдеуді Интернет арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технология.

Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары Мемлекеттік кірістер департаментіне «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесіне қатысты түрлі сауалдар жолдаған. Комитет өзекті сауалдардың жауабын«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдады.

Жаңа кеден заңнамасы шартында кеден ісі саласындағы бизнес-процестің жұмысы «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесін қосқанда ғана жүзеге асады.

Еске салсақ, 13 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекс бүгінде ҚР Сенатының қарауында жатыр. Екі Кеден кодексінің нормаларында қағазсыз кедендік декларациялау, Тәуекелді басқару жүйесін, есеп пен бақылаудың автоматтандырылған формасын қарастырады.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Сыртқы экономикалық қызмет басқармасының «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде жеткізілетін тауарларды кедендік рәсімдеудегі сауалдарына жауабы

№1 сауал: Бағдарламалық өнім ИМ-40 және ЭК-10 режимдеріне ғана арналған, ЭК-77 процедурасында тауар декларациясын жасауға талпынғанда 2-баған автоматты түрде жолдаушыны декларация жасаушыға өзгертеді, алайды режимді ерекшелігіне қарай толтырғанда 2-бағанда жөнелтпе құжатта көрсетілген жолдаушы туралы мәліметтер шығады.

Жауап: Ақпараттық жүйе кедендік түрлі процедураларда тауар декларациясын жасауға мүмкіндік береді. Белгілі бір кедендік процедурада толтыру ерекшелігіне қарай талап құрастырушыға берілді. Қазіргі таңда тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

№2 сауал: Тауар декларациясындағы 30-баған, бос қойма мекемесіне шешім нөмірі дұрыс көрсетілмеген.

Жауап: 30-бағандағы тауар декларациясының барлық тиісті коды тиісті реестрге енгізілген ақпаратқа сай жасалған. Тексеру мен сәйкестендіру үшін нақты жағдай мен мысал қажет.

№3 сауал: FCA жеткізу шартында фактуралық құн мен кедендік құн көлік шығынының айырмашылығында әртүрлі, бұл бағдарлама мұны ескермейді, кедендік құны есебі DAP шартында жүргізіледі.

Жауап: Бұл бағдарлама жеткізу шартындағы айырмашылықты ескереді, оның ішінде DAP пен FCA арасындағыны, мысалы, FCA жеткізу шартында көлік шығыны ДТС-1 қосымшаға мәліметті енгізу арқылы есептелінеді. Бұл операцияны жүзеге асырғанда фактуралық құн өзгеріссіз қалады, ал кедендік құн тауарлардың кедендік құнының көлеміне қарай түзетіледі.

№4 сауал: Тауар декларациясының 45-бағаны автоматты түрде толтырылады және дұрыс емес, оның үстіне түзетілмейді.

Жауап: Тауар декларациясының 45-бағаны валюта бағамына қарай фактуралық құнға байланысты автоматты түрде толтырылады. Кеден құны ДТС-1 қосымшасына  құнның тиісті элементтерін енгізу немесе есептеу арқылы мәліметтер енгізе отырып түзетіледі.  

№5 сауал: Тауар декларациясын жасағанда 12-баған істемейді, бірақ xml сақтағаннан соң және қайта ашқанда бұл баған 1-тауардан ғана автоматты түрде толтырылады.

Жауап: Тауар декларациясының 12-бағаны 45-бағанның элементтер суммасы негізінде толтырылады және ДТС-1 қосымшасы арқылы түзетіледі.

№6 сауал: Тауар декларациясы 45-бағанының қағидасы, барлық тауарға 1 рет толтырыла ма? Тауар декларациясын қосымша парақтарға бөлу қарастырылмаған ба?

Жауап: 44-бағанда №1 астында барлық тауар үшін құжат көрсетіледі. Келесі тауарлар бойынша мәліметті көрсету үшін тауар нөмірі мен тиісті құжат көрсетіледі.

№7 сауал: Тауар декларациясының 47-бағанында төлем тәсілін өзгерту мүмкін емес, бірден төлем мерзімін ұзарту (ірі бизнес үшін) тұрады, бірақ кәсіпорын түгел төлеуге дайын және төмен мерзімін ұзартуды қолданғысы келмейді.

Жауап: төлем мерзімін ұзарту тәсілін таңдау үшін «Төлем туралы тұжырым» қосымшасын пайдалану қажет. Жұмыс қиғадасы Біріктірілген тарифке арналған вебинарда түсіндірілді.

№8 сауал47-баған Төлем тапсырысының нөмірі мен күнін толтыруға арналған терезе жұмыс істемейді, «Ұзартылған төлемдер ғана өзгертіледі» деп жазылған.

Жауап: 46-бағанның соңғы абзацтағы тармағы Тауар декларациясын толтыру тәртібі (Кеден одағы комиссиясының шешімі №257, 20.05.2010 ж.) Одаққа мүше мемлекеттік заңнамасына сәйкес кеден органдарына өндіріп алу жатқызылған кеден төлемінің, басқа да төлемдердің орталықтандырылған төлем тәртібі қолданылған жағдайда, 4-7 элементтер толтырылмайды.

№9 сауал: Тауар декларациясының 54-бағаны, декларация тапсырушы туралы мәліметтер, толтыру тәртібіне сәйкес мәлімет енгізу қарастырылмаған.

Жауап: Тауар декларациясын толтыру тәртібіндегі 49-бағанның соңғы абзац тармағында (Кеден одағы комиссиясының шешімі №257, 20.05.2010 ж.) Тауар декларациясын электронды құжат ретінде қолданған жағдайда бағанға осы тармақ асты бекітілген тәртіпте ерекшеліктерді ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттік заңнамасына сәйкес енгізіледі. Осылайша «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде мәліметтерді көрсету заңнамаға қайшы емес.

№10 сауал: Бағдарламалық өнім жай жұмыс істейді, жұмыс процесін жеделдету үшін «АСТАНА–1» операциялық жүйесі үшін дербес компьютердің қандай жүйелік параметрлері қажет?

Жауап: Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қосылатын (8 мбит), windows 7 64 bit, java 64-bit қолдануға кеңес береміз.

№1 сауал: Сайтта барлығына бірдей болу үшін аталған өнімді орнату тәртібін жариялауды сұраймыз (Сайттан тәртіп жүктелмейді және ашылмайды).

Жауап: Ютубте видео-сабақ көруге кеңес береміз. Төмендегі сілтемелер арқылы ашуға болады:

«АСТАНА–1» ақпараттық жүйесі клиентін баптау бойынша нұсқаулық

Дербес ақпаратты толтыру

Тауар декларациясын толтыру

АСТАНА–1 XML сақтау

XML АСТАНА–1 жүктеу

Тауарды қосу/өшіру

19 бағанды (контейнер) толтыру

Тауар тізімін толтыру

№12 сауал: Тауар декларациясы үшін 31, 33, 34, 37, 35, 38, 36, 41, 42, 45, 46 бағандарға 200 аталымнан асатын тауар санынан асатын мәліметті жүкетеу мүмкіндігін қарастыру қажет, бүгінде декларация тапсырушылар пайдаланып отырған бағдарламалық өнімдер жеткілікті деңгейде автоматтандырылған және декларация тапсырушыға тауар декларациясының осындай көптеген кодын құруға уақыт қысқартуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Жауап: Бүгінде «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде тауарға декларацияның құрылымы мен форматы жасалуда. Одан кейін жүктелімді қайта тексеру керек.

№13 сауалТауар декларациясындағы 47-бағанды толтырған соң, ҚҚС бөлігінде ҚР салық кодексінің 51-3 бабына сілтемемен ірі салық төлеушілер төлеу мерзімін ұзартуды қолдануға міндетті. Осыған байланысты құрастырушылар ірі салық төлеушілер тауар декларациясының 8-бағанында БСН толтырғанда жүйе автоматты түрде 47-бағанда ҚҚС бойынша «Төлем мерзімін ұзартуға» көрсетеді. Мұнымен қоса, ірі салық төлеушілер міндетті түрде ҚҚС бойынша төлем мерзімін ұзартуды қолдануы керек.

Алайда бұндай тәсіл жанама салық төлем мерзімін өзгерьі белгілі бір шарттарды (ҚҚС және акциздер)  сақтағанда ғана болатыны бекітілген Салық кодексінің 51-3 бабына қарама қайшы: 

1. барлық құжаттар көрсетілген;

2. декларация тапсыршу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «тыйым салынған тізіміне» енгізілмеген.

Салық кодексінде ірі салық төлеушілерге төлем мерзімін ұзартуды қолдануға міндеттейтін қандай да бір ережелер жоқ. Салық кодексінің 51-3 бабының ержесінде көрсетілгендей ҚҚС бойынша төлем мерзімін ұзартуды алу міндет емес, белгілі бір талаптарға сай тұлғаның пайдалануға құқығы бар.

Осылайша «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесін жүзеге асырғанда тауар декларациясының 47-бағанын толтыруда ҚҚС бойынша төлем мерзімін ұзартуды қолдануға қатысты қайта қаралу керек және Салық кодексіне сәйкес келтіру қажет. Жанама салық төлемінің мерзімін ұзарту (ҚҚС бойынша төлем мерзімін ұзарту) декларация тапсырушының құқығы (ірі ссалық төлеушінің), сондықтан электронды кедендік декларациялауда «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесі декларация толтырушыға мұндай опцияны ерікті түрде жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.

Жауап: Төлем мерзімін ұзарту сыртқы экономикалық қызметті басқарудың қалауына қарай беріледі. «Төлем туралы тұжырым» қосымшасын қолдана отырып, сыртқы экономикалық қызметті басқару Тауар декларациясының 47-бағанында көрсетілетін төлем төлеу ерекшелігін таңдайды.

№14 сауал: «АСТАНА–1» АЖ таныстырылымында мемлекеттік кіріс органдарының өкілдері «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде декларациясы тауар тізімін беру қарастырылмағаны айтылды. Осылайша қосымша парақ саны қолдан арттылып, кеден рәсімдеу үшін сома жиналымы да тиісінше өседі.

Жауап: «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде тауар тізімін қалыптастыру мүмкіндігі бар. «Тауар тізімі» қосымшасын пайдалану қажет.

Ютубтегі видео сілтемесі – Тауар тізімін толтыру.

№15: Кеден құнының декларациясы қалыпты түрде құрастырылмайды, алдын ала аударым мен кеден құнынан алып тастау көрінбейді.

Жауап: Кеден құнының декларациясын қағаз түріндегі интерфейстен қарағанда электронды түрде жасалады. Барлық элементтер «ТС-1» қосымшасында тиісті элементтерлі енгізу немесе есептеу арқылы көсретілген.

№16 сауалТБСБ жұмыс істеген жағдайда құжаттарды сканерден өткізу керек пе? Егер өткізу керек болса, онда бұл бүкіл электронды декларациялаудың тұжырымын бұзады. Осы жағы түсініксіз.

Жауап. ҚР «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Кодекс  жобасындағы 180-баптың 7 тармағына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 31 тамысындағы №522 Қаулысы) (ары қарай – Кодекс жобасы) дәл сол абзацтың кіші тармағындағы жағдайлардан басқа тауарларға декларация беру кедендік органдарға тауар декларациясында көрсетілген құжаттарды, растау мәліметтерін берумен сүйемелденбейді деп көрсетілген. Мұнымен қоса, Кодекс жобасының 146-сы бабына сәйкес, кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақ және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтауды, кеден органдарына берілген тәртіпті бақылауға және осы Кодекске сәйкес қаралғанды беруді қамтамасыз ету үшін осы Кодексте белгіленген тұлғалардан талап етуге құқылы. Мұның үстіне осы Кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кеден операциясын жасау үшін осы Кодекске сай қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді беруге міндетті. Сондай-ақ кеден органдары кеден бақылауын жүргізудің қамтамасыз ететін кеден бақылауының формасы және (немесе) шараларын Қазақстан Республикасының кедендік немесе басқа да заңнамаларын, кеден органдарына тапсырылған бақылауды орындауды сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданады. Кеден органдарының шығаруға дейін кеден тазартуымен байланысты кеден жүргізуді қамтамасыз ететін кеден бақылауы мен (немесе) шараларын қолдануы тәуекелді басқарудңы автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана орындалады. Оның үстіне, Кодекс жобасының 146-бабы 6 тармағында кеден операциясына жасауға қажетті құжаттар электронды құжат ретінде немесе қағаз түрінде беріледі деп бекітілген. Егер Одақ туралы Келісімшартта, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарында сол құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде беру бекітілмесе, Көрсетілген құжаттардың көшірме нұсқасын (оның ішінде электронды құжаттардың қағаз көшірмесі) өткізуге рұқсат.

№17 сауал: 33-бағанды толтыру тәртібі жоқ, тарифсіз реттеу шараларының жіктеуіші жоқ. 33-бағана болмаса, тауар декларациясы растау мен бақылауға жолданбайды. Салдары – тарифсіз реттеу шарасын қолданған жағдайда тауарды декларациялау мүмкін болмайды.

Жауап: Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №20 «Кеден декларациясы мен кедендік декларациясы формасын толтыру тәртібі туралы» шешіміне сәйкес, 33-бағанның екінші тармақ астында Жіктеуішке сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтаудың әріптік коды көрсетіледі. Мұнымен қоса Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан Республикасында қолданылатын Жіктеуішке сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтау жіктеуішін толықтыру туралы үндеуге бастама көтерді.

№18 сауал: 48-баған «төлем мерзімін ұзартуды» толтыруға қатысты мәселесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушы төлем мерзімін ұзартуды пайдалана алмай, өнім өндірісі жоспарын тоқтатпас үшін қосымша қаржы өндіруе мәжбүр болуға алып келеді.

Жауап: «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде тауар декларациясының 48-бағанында «төлем мерзімін ұзарту» толтыру қарастырылған. 

№19 сауал: Декларацияның сақтамайынша басып шығару мүмкін емес (форматты-логикалық бақылаудан өткен. Алайда тәжірибеде декларация тапсырушы декларацияны бірнеше кезеңде жинауы мүмкін (оның басқа да міндеттері бар емес пе). Басқаша айтқанда декларация электр тоғымен байланысты жағдайда сақталмайды. Осының салдарынан декларация тапсырушы екі рет жұмыс істеуге мәжбүр.

Жауап: Тауар декларациясын басып шығару функциясы сол тауар декларациясы өткеннен кейін жасалады.

№ 20 сауал: Бір тауар декларациясын беруге өтініш бергенде бағдарлама 44-бағанда (құжаттар тізімі) қайталанатын мәліметі бар ақпаратты көшіру мүмкіндігін бермейді. Бұл декларация өткізушінің жұмыс уақытын тиімсіз пайдалануға соқтырады.

Жауап: 44-баған тауар нөмірін көрсетумен негізгі парақта толтырылады. Сондықтан келесі тауарларды көшіру қажет емес, оның үстіне №1 астына тауар декларациясындағы барлық тауардың құжаты көрсетіледі және одан соң тауардың реттік саны мен оған қосылатын құжаттар көрсетіледі.

№21 сауал: Егер инелерді сертификаттау керек болса, мен D0129 кодын қоюым керек. Бірақ инелер сертификаттауға жатпайды. Осы мәселені түсіндіріп берулеріңізді сұраймын.

Жауап: Егер сіздің тауарыңыз міндетті сертификат беруге жатпаса, онда сіз тауар декларациясындағы 33-бағанның екінші тармақастындағы D0100 жіктеуішін ала аласыз. Алайда бұл кодта сізге 44-бағанда уәкілетті органнан техникалық реттеу – құжат коды 01999 жіктеуішіне сәйкес екеніне қатысты түсініктемені (тыйым мен шектеуді сақтайтын басқа да құжаттарды)  көрсету керек

№22 сауал: тауар декларациясындағы 35, 38-бағандарда үтірден кейін символ санын арттыруға бола ма?

Жауап: Бұл өзгертулер жасалу үстіне, таяудағы жаңартуда жүйеге көшіріледі.

№23 сауал: Өтініш, валюта бағамына назар аударыңыздаршы. Бағдарлама дұрыс бағамды көрсетпейді және де қолмен өзгерту мүмкін емес.

Жауап: Бұл өзгертулер жасалу үстіне, таяудағы жаңартуда жүйеге көшіріледі.

№24 сауал: Транзиттік декларацияға қатысты мәселені шешуге көмектесіңіздерші.

Жауап: Транзиттік декларацияның 50-бағанында қамтамасыз етуді берген ЖШС туралы мәліметті көрсету қажет. Мұнымен қоса, 52-бағанда қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген соманы жазу керек.

№25 сауал: Кеден қоймасының қосымша ақпаратымен код жіктеуішіне қатысты сауал

Жауап. Қосымша ақпарат жіктеуіші ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекіту кезеңінде жатыр. Кеден қоймасының коды бойынша қазіргі таңда Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының реестрі «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесіне енгізілуде, одан кейін кеден қоймасының коды көрсетілетін болады (ЭК 78).

№26 сауал: Уақытша кедендік декларациялауды пайдала отырып экспортты рәсімдеу қалай өтеді?

Жауап: Бұл бағыт енгізілу үстінде, таяу уақытта бағдарлама қатысушыларына қажетті мәлімет жеткізіледі.

№27 сауал: КПО компаниясының атау мәтіндік нұсқада толық жазылмаған.

Жауап: Тексеруге және ескертуді түзету үшін компанияның БСН қажет. «АСТАНА–1» ақпараттық жүйесінде декларация тапсырушының барлық мәліметі салық төлеушінің реестрімен байланыстырылған.

№28 сауал: 11 бағанға Сыртқы экономикалық қызметтің сауда жасайтын ел туралы енгізілген мәліметтері қағазға басып шығарғанда 10-бағанда көрсетіледі (бірінші бекітілген ел).

Жауап. Декларацияның баспалық нұсқасы электронды нұсқасымен сәйкестендіріледі.

№29 сауал: толық уақытша декларацияны (толық декларация) толырғанда валюта бағамы ішкі транзиттің құжаттан алынбайды, сол күнгі бағамды алады. 

Жауап. Валюта бағамы ішкі транзиттік құжат күніне есептеледі.

№30 сауал: КААЖ және D-SECTOR 31.1 салмақ толтырылады, электронды декларациялау 31,8-бағанында нақты берілген құбыр жүргізу көлігіне қатысты салмақты толтыруды талап етеді.

Жауап: Бұл мәселе қарастырылуда.

№31 сауал: тауар сипаттамасы (мұнай параметрлері, стандарттар) бағанға толық сыймайды және басып шығарғанда көрінбейді.

Жауап. Тауар декларациясының 31-бағанында тауар туралы толық ақпаратты көрсетуге қажетті символдар бар. Декларацияның баспалық нұсқасы электронды нұсқасымен сәйкестендіріледі.

№32 сауал 2709 009 003 тауар кодына баж салынбайды, тауар декларациясының 31-бағанын толтырғанда «ООZZZZZ» қабылдамайтын қателік шығады.

ЖауапҚателік түзетілді.

№33 сауал: Ішкі транзиттік құжатты толтырғанда бағдарлама көлік құжаттары мен шот фактураны талап етіледі.

Жауап. Талап қойылды, жұмыс жүргізілуде.

№34 сауал: Сыртқы экономикалық қызмет Тауар декларациясының 45-бағанын толтырғанда кедендік құн теңгемен мәліметтерді тауар декларациясының 46-бағанына ауыстырылады, ал статистикалық құны АҚШ долларында көрсетілуі тиіс.

Жауап: Электронды декларациясы кеден құнының бағаны 45 нөміріне қойылған. Мүмкін ДТС әркез толтырылатын шығар, бұл мәселе қазір анықталуда. Статистикалық құны АҚШ долларында көрсетіледі, себебі бұл Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылдың 20 мамырындағы №257 шешімінде қарастырылған, кедегендік құн көрсетіледі.

№34 сауал: Декларация толтыруға негіз болған мәліметтерді (коммерциялық, көлік тыйымдар мен шектеулер және шыққан жері туралы сертификат) растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасын беру керек пе?

Жауап: Біріншіден – иә, сіз Электронды декларация өткізгенде беруге міндетті емессіз және керісінше, қаңғаз түрінде өткізгенде беруге міндеттісіз.

Екіншіден – барлығы да құжаттардың скан нұсқасын беруге құқылы және «АСТАНА-1» АЖ мүмкіндігі бар.

Үшіншіден – тәуекелді басқару жүйесі жұмыс бастағанда сіз сол құжаттарды, сондай-ақ қызметкердің сұрауымен түпнұсқасын беруге міндеттісіз.

35 сауал: Жаңартылғаннан кейін қосу алдында кэшті тазарту керек пе?

Жауап: Жүйеге кірер алдында кэшті тазарту қажет

36 - сауал: Уақытша кеден декларациясын қалай рәсімдеуге болады

ЖАуап: Егер сіз уақытша кеден декларациясын 01.01.18 ж. бастап рәсімдесеңіз, онда оның «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде жабуыңыз керек. Егер уақытша кеден декларациясы 31.12.2017ж. дейін рәсімделсе, онда она КААЖ-де жабу керек.

Ескерту: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, kgd.gov.kz   сайтында 4 қосымша бар:

  1. Кеден жүйесіне қалай қосылу керек;
  2. Жүйеге интернеттен қалай қосылу керек;
  3. Кеден органдары үшін «АСТАНА–1» АЖ тестілеу;
  4. Сыртқы қолданушылар үшін «АСТАНА–1» АЖ тестілеу;

Еншілес ұйымдар

Серіктестер