«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еркін қойма: ережелер жеңілдетілді

2015 жылғы 08 Маусым
17062 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Мемлекеттік табыс органдарының еркін қойма иелерімен қарым-қатынасын орнату ережесін» дайындауда өз ұстанымын қорғап қалды.

Еркін қойма кедендік процедурасы – тауарлар еркін қоймада кеден баждарын, салықтарын төлеусіз, сонымен қатар шетелдік тауарларға қатысты бейтарифтік реттеу шараларын қолданусыз және Кеден одағы тауарларына қатысты тыйымдар мен шектеулерді қолданусыз орналастырылып, қолданылатын кедендік процедура.  

Құжаттан белсенділіктің төмендеуіне әрі бейнебақылау жүйелерінің қымбаттауына және бизнестің айтарлықтай шығындарына әкелетін бағдарламалық жасақтама мен жабдықтың артық реттемесі бойынша талаптар алынып тасталды.

Сонымен қатар ендігі жерде бір пошта мекенжайы бойынша еркін қоймаларды тіркеу міндетті емес, ал қойма аумағында, қойма қызметіне байланысы жоқ кеңсе жайларын қоса алғанда (асханалар, демалу және мекендеуге арналған жайлар), ғимараттар (құрылыстар) жайғасуына болады.

Кеден төлемдері мен салықтар бойынша қарыз туындаған жағдайда еркін қойма иесі ретінде заңды тұлға қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жөніндегі норма нақтыланды. Оның үстіне, ендігі жерде әкімшілік іс қозғалу дерегі болған жағдайла заңды тұлғаны еркін қоймалар иелері тізілімінен алып тастауға болмайды.

Мемлекеттік табыс аумақтық органына Тізілімге қосылу не қызметті қайта жаңғырту үшін өтінішті енді қойма орналасқан жерден беруге болады.

Ереже жобасымен «Евразийская группа» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК АҚ, Қазақстан Кәсіпкерлерінің форумы, Қазақстан Республикасы Алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығы, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы, «Азия Авто» АҚ, «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС және басқалары белсенді түрде жұмыс жасады.

2014 жылғы қараша айында және биылғы жылдың ақпан айында  Кедендік әкімшілік ету департаменті қызметкерлерінің білікті әрекетінің арқасында ҚР Жоғарғы сотында «Дедов» ЖШС және «ИНКАС фирмасы» ЖШС еркін қойма иелерінің заңды мүдделері қорғалды. Нәтижесінде кәсіпкерлерге сәйкесінше 50 млн және 80 млн теңге сомасы қайтарылды.

ҚР қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №245 «Мемлекеттік табыс органдарының еркін қойма иелерімен қарым-қатынасын орнату ережесін бекіту туралы» бұйрығымен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер