«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кедендік жеңілдіктерді алып тастау АЭА кәсіпорындарының тоқтауына әкеп соқтырады

2016 жылғы 29 Наурыз
11036 просмотров

«Атамекен» Қазақстанда қолдаудың баламалы түрі – арнайы инвестициялық келісім-шарттарды қолданысқа енгізуді ұсынып отыр

ЕАЭО нормалары аясында АЭА пен еркін қоймалар қатысушылары кедендік баж салықтарынан босатылған еді. Алайда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл норма күшін жоятын болады.  

Бүгінгі таңда 2012 жылға дейін тіркелген және қазіргі күні толықтай кедендік жеңілдіктерге ие  43 кәсіпорын АЭА қатысушылары болып саналады. 

«Атамекен» талдау жүргізіп, кедендік жеңілдіктер күшін жоймаса 2017 жылы кәсіпорындардағы жұмыспен қамту 15%-ға дейін артуы мүмкін екенін, яғни қосымша 624 тұрақты жұмыс орны құрылатынын анықтады, бұл кәсіпорын қуаттылығы жүктемесін орташа алғанда 63%-ға дейін қамтамасыз ете алады деген сөз. Бұл ықпалдың бағалау құны шеттен әкелу кедендік баж салықтарынан босатуды қосқанда 27 млрд.теңгені құрайды.

Мәселен, Қазақстан локомотив құрастыру зауыты мен Кәсіпкерлер палатасы арасында болған кездесу нәтижелері 2017 жылы локомотив құны 2016 жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары болатынын көрсетті. Ондағы кедендік баж салығы – 14,4%, ҚҚС – 12%, қоса есептегенде – тауар құнының  26,4%. Кедендік баж салығы мен ҚҚС-ның мұндай құны кәсіпорынның рентабельділікке жетуіне кедергі болып, салдарынан кәсіпорын жұмысы тоқтап, 600-ден астам тұрақты жұмыс орнының қысқаруына әкелуі мүмкін.  «Атамекендіктер» кәсіпорындарға ұсынылатын кедендік жеңілдіктерді АЭА әрекеті тоқтағанға дейін ұсынуы тиіс деп есептейді, сонда олар өз өндірісі аясын кеңейтіп, жергілікті құрам үлесін көбейте алар еді, сонымен бірге орналасуы мен жұмыс орындарын сақтап қалар еді деп сенеді.

Салыстыру үшін: Ресей Федерациясында АЭА қатысушыларына (800 кәсіпорын) 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап сырттан әкелу үшін кедендік баж салықтарын төлеуге кететін 66 млрд.-тан астам рубльге (303 млрд.тг) тең шығындарды субсидиялау жоспарланып отыр.

Жоғарыда айтылған мәселелермен байланысты қолдау шараларының баламалы түрі ретінде Қазақстанда арнайы инвестициялық келісім-шарттар енгізу ұсынылып отыр, оның аясында АЭА қатысушылары инвестициялық артықшылықтарға ие бола алады. Бұл үшін Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізіп, 2016 жылы арнайы инвестициялық келісімшарттарға отыру арқылы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЭА қатысушыларын кедендік баж салықтарынан босату керек. Бұл ұсыныс Ресей тәжірибесіне негізделе отырып жасалған. Онда «Өнеркәсіптік саясат туралы» РФ Заңының  16-бабына сәйкес «арнайы инвестициялық келісім-шарттар» ұғымы енген болатын. Алайда біздің жағдайда 43 АЭА қатысушысына берілетін кедендік жеңілдіктерді арнайы инвестициялық келісім-шартқа ауыстыру қажет. Сонымен бірге АЭА қатысушысы міндеттерін орындау АЭА қатысушысы мен АЭА Басқарма компаниясы арасындағы қолданыстағы Шарт аясында өз күшінде қалады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер