Бағдар – жергілікті контентті арттыру
Әсет Исекешев инвесторларға сервистік компаниялар құруға уәде берді
Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын шетелдік инвесторлар үшін сервистік компаниялар құрылады. Инвестициялар және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев Қазақстан Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVIII алқа отырысы барысында осылай деп хабарлады.
Министр Қазақстан Президенті тапсырмаларына сәйкес «шетелдік компаниялармен жүзеге асырылатын Теңізшевройл, Қарашығанақты болашақ кеңейту жобасы, Астана ЭКСПО-2017, «Әбу-Даби Плаза» құрылысы сияқты ірі жобаларда жергілікті мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілетінін» атады. Әрбір жоба бойынша арнайы жұмыс топтары құрылған, белгілі бір келісулер бар», - деді Әсет Исекешев.
Сонымен, ТШО кеңейту жобасы бойынша жергілікті мазмұнды арттыру туралы келісуге қол жеткізілген, 116 қазақстандық компаниядан тұратын жеткізушілердің деректер базасы құрылған.
«Қарашығанақты кеңейту жобасы, Астана ЭКСПО-2017, «Әбу-Даби Плаза» құрылысы бойынша жергілікті жеткізушілер базасы құрылған, алғашқы байланыстар іске асырылуда», - деп атады Әсет Исекешев.
Министр сонымен бірге «алғашқы нәтижелерге қарамастан, бұл жұмыстың күллі әлеуеті әлі де ашылмағанын» баса көрсетті.
«Тауарларды сертификаттауға көмек көрсетуге, қызметкерлерді оқытуға, өнім сапасын арттыруға күш сала отырып, біз бұл жұмысты инвесторлармен жалғастырамыз. Әрбір ірі инвестормен дәл осындай қарым-қатынас орнатпақшымыз. Ірі жобалар айналасында шағын және орта индустриялық сервистік компаниялар белдеуін құру жоспарда бар», - деп мәлімдеді Әсет Исекешев.
Жанар Бiрлiкқызы
Пікір қалдыру:
Пікірлер: