Ұлттық палата бизнес-сауатсыздықты жояды!
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көлемді «бизнес-сауатсыздықты жою» жобасын бастайды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында үш кезеңді бағдарламалық оқытумен ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-мектептер (Кәсіпкерлік мектептерін)» ашады.
1 кезең. Кәсіпкерліктің негізгі дағдыларын үйрету
Аталмыш круста «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының барлық технологияларын қолдануға болады және қолдану қажет. Қысқа мерзімді кезеңде ісін бастаушы кәсіпкерге кәсіпкерлік негіздері, маркетинг, бизнес процестер, заңгерлік аспектілер бойынша білім беріледі.
Оқыту кезеңі 1-2 күн. Бұдан кейін мониторинг жүргізу мақсатында әрбір тыңдаушыға міндетті тәртіпте есепке алу тізімдемесі жүргізіледі.
2 кезең. Жобалық оқыту (нүктелік жоба бойынша)
Ісін бастаушы кәсіпкерге бірнеше шағын жоба таңдауға беріледі. Оларды осы ауданда немесе шағын қалада жүзеге асыруға болады.
Ол үшін ҰКП «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығын дайындап, басып шығарды (бүгінгі таңда 32 мыңнан астам дана жарық көрген). Анықтамалықта жоба бойынша анық есеп-қисаптармен бизнес жоспарлар ұсынылған, өнімді, туарларды және қызметтерді өткізу мақсатында маркетингтік бөлім берілген.
Әрбір жабдық пен технологияның техникалық сипаттамалары мен баға факторлары бойынша ақпарат бар (жабдық суреті берілген). Әрбір жоба бойынша шығынның нақты сметасы бар.
Оның үстіне, анықтамалықта мемлекеттік бағдарлама құралдары анық сипатталған. Кәсіпкер осылар бойынша жобасына қаржыландыру ала алады.
Әрбір қала мен ауданға 5-10 шағын жоба айқындалған. Аталмыш жобалар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында экономиканың басымдылықты секторларына сәйкес келеді. Жобалар оқу мерзіміне бөлінген – 1-4 апталық кезең.
Нақты жобаны айқындау кезінде 7-15 адамнан тұратын оқу тобы қалыптастырылады. Нақты оқу кестесі мен келу кестесі жасалады.
Одан әрі жобалық оқыту кезеңінде практикалық тәжірибе алу, туындаған сауалдарға түсінік беру мақсатында өндірістердің жүзеге асырылған жобаларына сапар іске асырылады.
Жобаға қарай, дәл осы кезеңде отандық немесе шетелдік технологияны пайдалану тәжірибесін және білім алу мақсатында жабдықтарды өндірушілер практикалық шеберлік сабақтарын өткізеді.
3 кезең. Сүйемелдеу және тәлімгерлік.
Оқыту табыспен өткізілген соң тыңдаушыға сервистік қызмет алу мүмкіндігі беріледі. Олардың негізгісі бизнес-жоспар дайындау болып табылады. Сонымен қатар аталмыш ауданда және қалада жаңа жобаны жасау мақсатында басқа да сервистік қызметтер ұсынылады.
Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін өз облысыңыздағы өңірлік Кәсіпкерлер палаталарының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына/Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына жүгініңіз
Пікір қалдыру:
Пікірлер: