«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ШОБ ауқымын кеңейтуде

2016 жылғы 14 Маусым
7713 просмотров

Белсенді көмек тек қалада ғана емес, ауылда да қанат жаюда

Қазақстандағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары инфрақұрылымы даму үстінде. «Бұл орталықтар 188 аудан орталығында, моноқалалар мен шағын қалаларда бар», – деп хабарлады Үкіметтің  селекторлық мәжілісінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов.  

Келешекте КҚО-дан тек жаңадан бастаған кәсіпкерлер ғана емес, кәсіпкер-инвесторлар да қызмет алады, уақыт өте келе Орталықта салық және кеден мәселелері бойынша да кеңес алуға болады.    

«Қазір КҚО желісі бойынша «Даму» қорында  болған қызметкерлер әр сала бойынша екі-екіден бөліне бастады, кейбір қалаларда мүшелік («Атамекен»  ҚР ҰКП - авт.) жарналарды ескере келе, бұл санды  беске жеткіздік», – деп қосты А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, «Атамекен»  ҚР ҰКП  Басқарма төрағасы ҚР Үкіметін  тағы бір мемлекеттік тапсырманың орындалуы – агроқұзырет орталықтардың ашылуы туралы хабардар етті. «Іс жүзінде бұл аудандағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы болады, ең бастысы, ауыл халқы  мен өзімен-өзі іспен шұғылданатын азаматтар көбейеді», – деп атап көрсетті А.Мырзахметов.

Бір жылдан астам уақытта «Атамекенге»  берілген, кәсіпкерлерді  оқытудағы міндетті іс-қызмет аясы жұмысы нәтижелерін бағалай келе, А.Мырзахметов ең алдымен, «үздіксіздік қамтамасыз етілуде» деп атап өтті.

«2015 жылы 1,6 млрд теңге (бюджеттен – авт.) жұмсап, біздің қызметті тұтынатын кәсіпкерлер санын үш есеге көбейттік,  35 000  астам кәсіпкер 55 000-нан астам қызмет түрін алды», – деді А.Мырзахметов. Сонымен бірге кәсіпкерлердің тең жартысы ауылдық жерден, олардың көпшілігі шұғыл және тегін консалтингтің арқасында өздерінің бизес-жобаларын жүзеге асыру үшін қаржыландырылды, оқыды, серіктестер тапты. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында ең сұранысқа ие қызметтер – бизнес-жоспар жасау бойынша қызмет көрсету, салықтық, заңгерлік, бухгалтерлік кеңестер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және менеджмент негіздері бойынша мәселелер. 

«Атамекен» ҰКП жұмысындағы тағы бір жетістік ретінде кәсіпкерлермен кері байланыс аталды. Бұл жұмыс тек КҚО ғана емес, Интернет-технологияның көмегімен де табысты жүргізілуде. «Мобильдік қосымша арқылы кері байланыс жолға қойылған, (кәсіпкерлерге – авт.)  баға беруге болады. Жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге арналған сервисті толықтыру үшін кәсіпкерлермен кері байланысты қолдау жұмысын қарастыруды жоспарлаудамыз»,– деп түйіндеді ойын Абылай Мырзахметов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер