Коммерциялық байланыстарды нығайту
Қазақстан сыртқы сауда палатасы мен «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті
Тараптар халықаралық коммерциялық байланыстарды дамыту, Маңғыстау мен Қазақстанның өзге өңірлеріндегі инвестициялар мен технологиялық трансферттердің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында бірлескен іс-қимылдар жүргізбек.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен «Маңғыстау» КҚО халықаралық сауда, ірі іскер топтар және маркетингтік зерттеулердің нәтижелері туралы ақпараттар алмасу, сонымен қатар әріптестікті нығайту және халықаралық сауданы дамыту салалары бойынша ынтымақтасады.
Екі тарап Қазақстанда сауда миссияларын, кәсіпкерлерге арналған оқу турларын, бизнес-форумдар, көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу кезінде бір-біріне ақпараттық қолдау көрсетуге уағдаласты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: