«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Техникалық шарт алу үшін өтінімді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары арқылы беру қажет

2015 жылғы 02 Маусым
14479 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП құқықтық қорғау департаментінің сарапшысы Әнуарбек Ысқақов хабарлағандай, ҰКП-ға табиғи монополия субъектілері үстінен шамамен 200 шағым келіп түскен, бұл барлық өтініштерден алғанда 4% құрайды.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер монополистерге инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарт алу үшін жүгінгенде сыбайлас жемқорлық көріністерін туындататын түрлі әкімшілік кедергілер жиі жасалады.

Сонымен бірге, ҰКП өкілі баса көрсеткендй, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР заңы табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тұтынушыларына тең жағдай ұсынуға міндетті деген ережені орнатқан.

Әнуарбек Ысқақов атап өткендей, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңы еліміздің барлық өңірлерінде бұзылып жатыр. Атап айтқанда, кәсіпкерлер өтініштерін қарау мерзімдері сақталмайды, оларға техникалық шарттар беруден заңсыз түрде бас тартылады, заңсыз, артық талаптар қояды, заңсыз түрде төлем жасатады, заңнамада көзделмеген құжаттарды жиі сұратады және т.б.

Ең көп таралған бұзу монополистердің техникалық шарт ұсыну туралы өтініштерін қарау мерзімін сақтамауы болып табылады, оның үстіне барлық өңірлерде дерлік. Мәселен, «Көкшетау Энерго» ЖШС (Ақмола облысы) тұтынушы сәйкес өтінім берген соң құрылымдық бөлімшелерінен (серіктестіктің қалалық және аудандық филиалдарынан) немесе еншілес ұйымдардан нұсқаулық алуға міндетті деген тәжірибе енгізген. Оңтүстік Қазақстан облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы 389 кәсіпкерге, өтініштеріне жер телімінің топографиялық түсірілімі тіркелмегеніне қарамастан, газдандыруға техникалық шарттар берілген.

«Прокуратура ҰКП-мен бірге бірқатар монополистер техникалық шарттар берген кезде заңсыз нұсқаулықтар мен реттемелерді шығарғанын және оларды басшылыққа алғанын, сонымен қатар күшін жойған нормативтік-құқықтық актілерді қолданғанын анықтады. Оның үстіне, техникалық шарттар ақылы негізде берілген оқиғалар да орын алған», - деді ҰКП сарапшысы. Сонымен, Астана қаласында «Астана су арнасы» МҚК басшылығы 2012 жылы «Астана қаласында нысандарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға техникалық шарт беру және келісу тәртібі туралы» Реттемені бекіткен. Аталмыш құжаттың жекелеген тармақтары заңсыз болып табылады.

Кәсіпкерлердің монополистердің заңсыз әрекетіне шағымдануға үміттеніп, жылдар бойы сот ғимараттарының табалдырығын тоздырған кездері де жиі кездеседі.

Мысалы - «Татьяна» шағын-наубайханасы ЖШС (Қарағанды қаласы). Наубайхана иесінің бұрын болған 121 кВт қуаттылық бойынша  электрмен жабдықтауға техникалық шарт алуға деген өз құқығын екі жыл бойы дәлелдеуіне тура келген.

ҰКП өкілінің айтуынша, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға техникалық шарт алудың бірыңғай ережесі жоқ. Жұмыс жүргізудің бірыңғай алгоритмі жоқ, бұл мерзімдің созбақтауға, негізсіз бас тартуларға және т.б. алып келеді.

«Реттелетін қызметтерді тұтынушы қорғалмаған, негізсіз техникалық шарт беруге шағымдану процедурасы түсініксіз, бұл кәсіпкердің өз құқығын жылдар бойы қорғауына алып келеді, ал монополист мәселені қарауда әуре-сарсаңға салып қояды.  Мұндай жағдайларда кәсіпкердің екі жолы бар: біріншісі – түйткілді бірнеше сот сатысынан өтіп, екі жылдан соң электр жабдықтау желісіне қосылып, өз бизнесін бастаған «Татьяна» шағын наубайханасының мысалында құқықтық алаң аясында шешу. Және де екіншісі, кәсіпкердің өз мәселесін заңды айналып өтіп, пара беріп шешуі. Ал монополистің техникалық шарт беруден заңсыз түрде бас тарту, не болмаса беру мерзімін созып жүріп алу оқиғалары көптеп кездеседі, бұл саладағы өткір түйткілді растап отыр», - деп қорытты Әнурабек Ысқақов.  

Ол сонымен қатар техникалық шарт алу саласында бірқатар қайшылықты нормалардың бар екенін де атады.

«Сонымен, «Электр энергиясын қолдану ережесін бекіту туралы» энергетика министрінің ережесі электр энергиясын қолдануға техникалық шарт алу жөніндегі біршама жеңілдетілген талаптарды белгілесе, Табиғи монополиялар саласындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдай ұсыну ережелері талаптарды кеңінен белгілейді», - деп атады ҚР ҰКП өкілі.  

Оның айтуынша, сонымен қатар электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су беру жүйелеріне қосылуға техникалық шарт алудың бірыңғай ережесі жоқ. Жұмыс жүргізудің бірыңғай алгоритмі жоқ, бұл мерзімдің созбақтауға, негізсіз бас тартуларға және т.б. алып келеді.

Осыған орай техникалық шарт алуға өтінім берудің қолданыстағы жүйесін облыстық деңгейде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы және шағын қалаларда, моноқалаларда және аудан орталықтарында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары арқылы қайта қарау ұсынылады. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер