Жылу ақысы жайлы
Монополияға қарсы ведомство монополистердің қызметтік тарифтерді есептеу әдістемесіне өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлерге пайдаланылған жылу энергиясы үшін тұтынушылардың бюджеттік ұйымдардан басқа барлық заңды тұлғалар кіретін «басқалар» деп аталатын тобына арналған тарифтер бойынша есепшот ұсыну туралы сауалына Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен жауап келді.
Монополияға қарсы ведомство хабарлағандай, 2004 жылы шілде айында қабылданған «Электр энергетикасы туралы» заңға сәйкес, тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын келісімшарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға, яғни заң жүзінде жылу энергиясын тұтынушы жеке және заңды тұлға деп бөлінген.
Осылайша, мәселе жеке тұлғаның кәсіпкер ретінде, өзінің немесе жалға алынған пәтерінде немен айналысатынында емес, сол пәтердің тұрғын үй қорынан шығарылған-шығарылмағанында. Егер пәтер тұрғын үй қорынан шығарылмаған болса, онда оның иесі (немесе пәтер жалдаушы) жылумен қамту қызметтеріне тұрғындарға арналған тариф бойынша ақы төлейді. Егер пәтер тұрғын үй қорынан шығарылған болса, онда үй-жайдың меншік иесі (ол жеке немесе заңды тұлға ма, маңызды емес) жылумен қамту ұйымымен жеке келісімшарт жасасады және үй-жай қандай мақсат үшін пайдаланылатынына қарамастан жылумен қамту қызметін басқа тұтынушыларға арналған тариф бойынша төлейді. Жылу энергиясын тұтыну көлемі тараптардың келісімі бойынша анықталады, бірақ ол үйді жылытудың нормативінен кем емес, ол үшін үй-жайға реконструкция жасалмаған болуы тиіс. Егер, мысалы, жеке кіреберіс жасап, қасбетті әйнектеген болса, онда жылу энергиясын тұтыну көлемі, тиісінше, ұлғаяды. Одан бөлек, Комитет жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейтін Тарифтерді немесе олардың шекті деңгейін есептеу әдістемесіне өзгертулер енгізу бойынша бұйрықтың жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізуде, ол ҰКП-на кәсіпкерлік субъектілерінің талқылауы және қарауы үшін жолданатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Сергей Казин