«Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары бақылануға тиіс
Аталмыш мәселеде ҰКП ұстанымын «Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 4 отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаментінің директоры Айгүл Қоңыртаева жеткізді. Ол сонымен бірге сатып алуларды өткізу жауапкершілігін Қордың еншілес ұйымдарының бірінші басшылары да мойнына алуға тиіс екенін баса айтты.
Палатаның бұл ұсынысы соңғы кездері ҰКП-ға жиі келіп түскен кәсіпкерлердің сатып алулар мәселелері жөніндегі өтініштерінен туындап отыр. Мәселен, былтыр «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сатып алулар мәселесі төңірегінде 268 шағым келіп түскен, оның үстіне өтініштердің көбі мемлекеттік сатып алуларға (34,4%) және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының сатып алуларына (27,6%) қатысты. Ал үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында өтініштер саны 168 құрап отыр. Бірінші орында бұрынғыша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алулары - 41% (59), бұдан әрі мемлекеттік сатып алулар - 25,7% (37), жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алулары - 12,5% және т.б.
Оның үстіне, ҰКП өкілі атап өткендей, ҰКП-ға келіп түскен өтініштердің жалпы санынан алғанда 30% негізсіз қабылдамау және сатып алуларды белгілі бір жеткізушіге сай өткізуге келеді.
«Оның үстіне, 2014 жылғы мемлекеттік сатып алу жүйесін талдау сатып алуларды жүзеге асыру тәсілдерінің жалпы санында бір көзден сатып алу үлесі бұрынғыша жоғары боп қала береді. Сонымен, 2014 жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу саласында бір көзден сатып алу 41,8% құрайды, заң нормаларын қолданусыз - 30,3%, баға сұраныстарын сұрау - 6,7%; байқау - 20%; аукцион - 0,8%; тауар биржалары арқылы - 0,3%. Осылайша, мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемінен тек 27,8% бәекелестік негізде өткізіледі», - деп ақпарат берді ҚР ҰКП мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы.
Айгүл Қоңыртаеваның айтуынша, қылмыстық істер статистикасы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі лауазымдық уәкілеттікті теріс қолдану мен жемқорлықтың жоғары үлесіне куә болады.
«2014 жыл қорытындысы бойынша сатып алу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы санынан мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтан алғанда актілерге заңсыз қол қою 80% құрайды, пара алу және пара беру 2% құрайды, өзгелері 18% құрайды», - деді «Атамекен» ҰКП өкілі.
Мысал ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес ұйымдарының сатып алу жүргізуі кезіндегі бұзу деректері келтірілді. Сонымен бірге, ҰКП өкілі атап өткендей, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бұл бұзуларды жай ғана белгілеп отырады.
«Қорда мұндай жағдайларда тендерді тоқтату, жасалған шарттарды бұзу бойынша ешқандай құрал жоқ. «СҚ» АҚ Ережесінде мемлекеттік ақша қаражатын жұмсауға әкелетін Сатып алу ережесін салмақты түрдегі бұзу бойынша құқық қорғау органдарына жүгіну бойынша уәкілетті органның міндеттемесі көзделмеген. Бұзулар расталғанда жауапкершіліктен кетуге жасалған жағдай және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінің жоқтығы, сондай-ақ бақылау жүйесінің жоқтығынан шағым жасаудың пайдасыздығы себебінен бұл оқиғалар Қордағы сатып алу жүйесінің бақылаусыздығынан хабар береді», - деп түйіндеді Айгүл Қоңыртаева.
Оның айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Ұлттық палата «Самұрық-Қазына» қорына Сатып алулар ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынады, оған сәйкес тендерлік құжаттама жобасын бекіткенге дейін 10 жұмыс күні ішінде орналастыруға болады.
Палата сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасына қоғамдық мониторингті, сондай-ақ компаниялардың өнім өндіру туралы ұсынатын ақпаратын растау механизмін енгізуді көздеуді ұсынады. Осыған байланысты Ұлттық палата өкілдері, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар) қатарынан ерекше пікір қабылдау немесе сатып алулар қорытындысына әсер ететін өзге де шешім қабылдау құқынсыз бақылау институтын енгізуді ұсынды.
Сонымен бірге, Ұлттық палата «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң жобасының 32 бабында көзделген алдын ала біліктілік іріктеуін өткізуді Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беруді ұсынды, бұл мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде негізсіз бас тартулар мен жемқорлық құрамдастарды болдырмау мақсатында салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тартуға, сондай-ақ адал бәсекелестік үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: