«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кооперация бізді қорғап қалады

2016 жылғы 26 Қаңтар
9727 просмотров

Теңге құнсыздануының себебі бұл Қазақстан экономикасының импортқа тәуелділігінің белгілі бір деңгейі

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Талғат Қасенов осындай пікір айтты.

«Энергия және минералдық ресурстар бағасы жоғары болғанда, бюджетке валюта түріндегі ақша қаражаты жеткілікті көлемде түсіп тұрды, еліміздің сауда теңгерімі оң шамада болып, сатып алғанға қарағанда, сатқанымыз көп болды. ҚР Ұлттық банкі теңге бағамын ұстап тұра алды. Басты экспорттық тармақтар (мұнай, газ, металдар) бағасы төмендей бастаған сәттен бері, сәйкесінше, сауда теңгерімі кері жаққа өзгерді: сыртқы нарықтарда ұсына алатынымыз бен сата алатынымызға қарағанда, импортты көбірек сатып алып, көбірек тұтына бастадық. Жағдай отандық экономиканың азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және т.б. бойынша импортқа тәуелді болып қалуымен, ең алдымен ЕАЭО бойынша әріптестер өніміне тәуелді болып қалумен ушыға түсті», - дейді Талғат Қасенов.  

Оның айтуынша, бұл жағдайда қоғамымыздың алдында таңдау туындады: ештеңені өзгертпестен, теңгені жасанды түрде ұстап тұрамыз, бар жинаған қорымызды тауысамыз және өнеркәсібімізді одан әрі жоя түсеміз, не теңге бағамын еркіндікке жіберіп, яғни Ұлттық банк тарапынан қолдамай, кәсіпорындарымыздың импортқа қатысты бәсекеге қабілетті өнім өндіруіне мүмкіндік береміз.

«Ұлттық валюта құнсызданған жағдайда, әрине, кәсіпорын үшін өнімін бәсекеге қабілетті бағамен экспорттау мүмкіндігі де, өнім бағасының өсу түйткілі де туындайды, - деп атады бизнес-тренер. – Дағдарысты жеңіп шығып, әлемдік экономика мен әлемдік еңбек бөлінісі жүйелерінде жайлы жаңа жағдай іздеу үшін ұлттық экономикада айтарлықтай құрылымдық өзгерістер қажет». ӨКП өкілінің ойынша, экономикалық қиындықтар кезіндегі ақша аздығы мен екінші деңгейдегі банктер тарапынан инвестициялауға деген қызығушылықтың аздығын ескере отырып, шаруашылық қатынастар жүйесінде де өзгерістер қажет. «Сондықтан да бұл кезеңде кәсіпкерлер мен кәсіпорындар үшін шаруашылық кооперация жалғыз болмаса да, жағымды құрал әрі механизм болар еді. Бұл жағдайда жобалар тәуекелдері, ережеге сай, төмендейді де, ЕДБ қаражатын тартпастан, ортақ жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі пайда болады», - дейді Талғат Қасенов.  

Ол 2015 жылғы «Бизнес-мектептің» қызмет жасау тәжірибесінде ШҚО-да жас кәсіпкерлердің бір бизнес-идея бойынша барлық қатысушылар үшін оң нәтижелі кооперациясы орын алғанын жеткізді. Олардың кәсіпкерлік күштері кооперацияланған кезде қарыздық қаражатты тартусыз шағын ғана ортақ жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болып, барлық қатысушылар үшін тәуекелдер бұл жағдайда  барынша аз болған. Күш біріктіру процесінде өзінше бір бизнес-идея инкубациясы жүретінін, қатысушылардың кәсіпкерлік қызметтегі барлық салаларда жақсы дағды мен оң тәжірибеге ие болатынын атап өту керек.

«2016 жылы «Бизнес-мектеп» құрамдасы арқылы кәсіпкерлер арасындағы кооперативтік байланыстар мен қатынастарды дамытуға ерекше назар адарып, күш саламыз, өндірістік кооперативтер санын көбейтеміз. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, туризм саласында өзгерістер қажет болады. Болашақта басқа да салалар – машина жасау, химия және т.б. дамуына да оң әсерін беретін өзгерістер», - деп түсінік беріп кетті бизнес-тренер. Оның сөзінше, тренер мен оның серіктестерінде өңірде халық қолөнері мен ұсақ өндірісті қамти отырып, эко және этнотуризмді дамыту жөніндегі белгілі бір идеялары мен ойлары бар. Ұсыныс әзірше даярлық сатысында жатыр.

Талғат Қасенов сонымен бірге сауда саласында да өзгерістер талап етілуі мүмкін екенін айтты, себебі ол импорттық тауарлар экспансиясы кезеңінде теріс өзгерістерге ұшырады. Қазірде біршама ұсақ отандық өндірушілер үшін сауда алаңдары жоққа тән. Жергілікті нарықтарға шығуға, жеке дүкен ашуға және т.б. мүмкіндік бәрінде бірдей бола бермейді.

«Ол үшін осыған ұқсас үлескерлік меншікте болатын кооперативтік дүкендердің құрылуы идеясы да бар. Ал болашақта бұл үлестерді сатуға және сатып алуға болады. Бұл біршама ұсақ өндірушілердің жеке өткізу арналарына ие болуына мүмкіндік пен икемділік береді», - деп түсіндірді Талғат Қасенов.  

Оның ойынша, отандық тауарларды өткізуге маманданған сауда нысандарын дамытуға арналған арнайы шара да жағымды практика бола алар еді, мәселен, «БЖК-2020» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі делік, алайда тек отандық тауарларды орналастырған жағдайда ғана. Себебі кейде кәсіпкер үшін сауда қолжетімділігі түріндегі қолдаудың өзі оны қаржыландыруға қарағанда біршама маңызды мәнге ие болып жатады, бұл жерде жобаларды өз бетінше қаржыландыру мүмкіндігі пайда болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер