«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасының таныстырылымы өтті

2019 жылғы 20 Наурыз
- Түркістан облысы
3360 просмотров

Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев облыстық Палата алаңында құрылған «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы туралы ақпарат берді

Жобалық алқа құрамына Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Даму» қорының жергілікті филиалдарының өкілдері кіреді.

Басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының жұмысын мониторингілеу бойынша құрылған Жобалық алқа кәсіпкерлерді қарапайым заттардың экономикасын дамытуға тарту, жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіру және кәсіпкерлердің өз жобаларын жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған.

«Түркістандық кәсіпкерлер қазірден бастап екінші деңгейлі банктерге жылдық мөлшерлемесі 8 пайыз мерзімі 7 жылды құрайтын жеңілдетілген несиеге өтінімді бере алады. Мемлекет Ауыл шаруашылық және өңдеу өнеркәсібін дамуына 600 миллиард теңге қаражат бөлді. Біз кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті қолдау шараларының шарттарын түсіндіріп, банкетердің несие беруден бас тартуының себебін анықтап, үнемі мониторинг жүргізіп отыратын боламыз», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев.

Бөлінген 600 миллиард теңгенің  400 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібі салаларына бағытталатын болады. Бағдарламада қарыз алушыларды 15%-дан аспайтын мөлшерде несиелендіру механизмі қарастырылған, оның 8%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Қалған айырмашылықты мемлекет жеті жылға дейін өтеу мерзімімен субсидиялайды.

Айта кетейік, 2025 жылға қарай «қарапайым заттардың экономикасы» аясында бизнес-жобаны қаржыландыру шамамен 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке салық түсімдерін 1,1 трлн теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Бағдарлама 2025 жылға қарай тауарлардың 365 түрі бойынша өндірісті 2,4 есе ұлғайтып, импорттың үлесін 37%-ға қысқартуға жол ашады.

Құрылыс индустриясының, жеңіл, жиһаз және азық-түлік өнеркәсібінің өндіруші кәсіпорындары бұл бағдарламаны іске асырылуына қызығушылық танытып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер