«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда бизнесті несиелендіру бойынша жаңа бағдарлама талқыланды

2019 жылғы 01 Сәуір
- Түркістан облысы
11205 просмотров

Түркістанда кәсіпкерлерге басым жобаларды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қатысу шарттары туралы ақпараттандыру жұмыстары басталып кетті

Облыстық кәсіпкерлер палатасына банк секторының өкілдері, қаржы институттары мен өңір кәсіпкерлері жиналды.

«Қарапайым заттар экономикасы» деп аталытын Палата жанынан құрылған жобалық алқа қазіргі таңда ішкі нарықта жетіспейтін отандық өнімдерді, қазақстандық өндірістің тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайту мақсатында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер мен бастаушыларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Кездесуді ашқан Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров атап өткендей, жаңа бағдарлама соңғы өнім өндірісі мен басым жобаларды несиелендірудің қолжетімділігі міндеттерін шешуге бағытталған.

Қаржыландыру алу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, қажетті бағалау және келісу рәсімінен өтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгіну қажет.

Бөлінген 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге 100 млрд теңгеге дейін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 100 млрд теңгеге дейін бағытталады. Бағдарламада 15%-дан аспайтын мөлшерлемеде бойынша қарыз алушыларға несие беру тетігі қарастырылған, оның 8%-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейтін болады. Қалған айырмашылықты мемлекет жеті жылға дейін өтеу мерзімімен субсидиялайды. Жобалардың нысаналы мақсаты-бұл инвестициялар және айналым қаражатын толықтыру. Жобаның нысаналы мақсатын растау үшін тізбеден кемінде бір тауарды шығару жеткілікті. Несие теңгемен беріледі, бір қарыз алушыға қаражат шектеусіз беріледі.

Облыс кәсіпкерлері бағдарламаға қызығушылық танытуда. Облыста агроөнеркәсіп кешені, туризм, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі саласындағы 30 кәсіпорын құны 6 млрд теңгені құрайтын жобаларын тапсырып, бағдарламаға қатысуға өтініш білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында облыс кәсіпкерлері өз жобаларын таныстырды. Түркістан қаласының кәсіпкері Сәкен Арапбаев кемпингтік туристік демалыс базасын құру жобасын таныстырды. Жобаның сомасы 178 млн теңгені құрайды.

Барлық келіп түскен жобаларды сүйемелдеу бойынша Жол карталары жасалады. Жобаларды қаржыландыру жобалық кеңсенің базасында қадағаланатын болады. Өңірлік Палата басшылығы жобаларын несиелендіруге ниет білдірген түркістандық кәсіпкерлерді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы кеңсесіне шақырады. Мекенжайы: Түркістан қ., Қожанов к-сі 42. Анықтама телефондары: 8 (72533) 5-98-98 (ішкі: 7716), 8708-365-21-90. Эл.пошта: y.auelbekov@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер