«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмагүл Сарыбаева: «Атамекен» мені 25 миллион теңге шығыннан құтқарып қалды

2017 жылғы 08 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
1982 просмотров

9 қыркүйек «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күні. Осы орайда еліміздің әр аймағынан құттықтау хаттары келіп жетуде. Басым көпшілігі «Атамекеннің» қолдауына ие болған шағын және орта бизнес өкілдерінен. Солардың бірі Қызылорда облысының тұрғыны Жұмагүл Сарыбаева. Ол өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген екен. 

Жыл басында кәсіпкер мен аймақтық газ таратушы компания арасында түсініспеушілік туындап, Жұмагүл ханымға 25 миллион теңге айыппұл салынады.  Алайда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының араласуымен бұл мәселе кәсіпкердің пайдасына шешіледі. 

«Құрылғанына төрт жыл толған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын туған күнімен құттықтағым келеді. «Атамекен» бүгінде бизнес пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпірге айналды. Елімізде біз секілді кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын, мүддесін қорғайтын осындай мекеменің құрылғанына қуаныштымын. Себебі, бұған дейін «Атамекен» мені үлкен шығыннан алып қалған еді. Мерекелеріңізбен құттықтаймын»  - дейді Жұмагүл Сарыбаева. 

Атап өтелік, жыл басынан есептегенде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына 133 өтініш түссе, олардың 66 оң шешімін тапқан. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер