«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі басталды

2018 жылғы 21 Маусым
2114 просмотров

21 маусымда Елордада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі өтіп жатыр

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысуда.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының үндеуін жариялайды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануының базалық негізі ретінде дәлелдеді. Ұйым еліміздің дамуындағы стратегиялық реформаларды жүзеге асырудың тиімді механизмі. Бұл ТМД-дағы отандық кәсіпкерлердің барлығын біріктіретін және заңнамамен бекітілген ауқымды функция мен уәкілеттікке ие жалғыз құрылым. Бұл Съезд «Атамекеннің» бес жылдық жұмысын қорытындылауға арналған айтулы оқиғаға айналатынына сенімдімін», – деп үндеуді оқыды Бақытжан Сағынтаев.

Тимур Құлыбаев Съезд делегаттарын қарсы ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезін ашық деп жариялады.

«2012 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алғаш рет мемлекет пен бизнестің серіктестік қарым-қатынасын берік орнатуға мүмкіндік беретін алаң құрудың қажеттілігі туралы айтқан еді. Бүгінде отандық бизнесті біріктіретін, кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесін республикалық және өңірлік деңгейде қорғайтын, азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде қалыптасқан Ұлттық палата дәл сондай алаңға айналды», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев

Съездің күн тәртібінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмысы бойынша есептер, ҰКП өтпелі кезеңнің аяқталауы бойынша мәселелер, Басқарма мүшелерінің өкілеттілігі мерзімін жалғастыру және басқа да сұрақтар қаралады.

Сонымен қатар Съезд барысында ҚР Үкіметі мен «Атамекен» арасында Өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойылады. Айта кетелік, «ҰКП туралы» Заңның 32-бабына сәйкес 2018 жылдың 22 шілдесінде бесжылдық кезең аяқталады, осы жайт Үкіметті Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысушылар құрамы мен басқару органынан шығатынын білдіреді. Келісім аясында Үкімет пен ҰКП арасында өзара іс-қимыл қағидаттары бойынша мәселелер, бірлесіп атқарылатын жұмыс жоспары реттеледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер