Қазақстанда жасалған: Дәмді әрі экологиялық таза өнім
Өскемен құс фабрикасының өнімдері сұранысқа ие
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ – сапасы жоғары сапалы құс етін шығаратын кәсіпорын. 1976 жылы құрылған кәсіпорын инкубатордан жұмыртқа шығару үшін құс өсіруден бастап, жоғары үйлестірілген жем шығару, бройлерді өсіру, құс сою, дайындау мен дайын өнімді қаптау, дистрибьютерлік желі арқылы сатуға дейінгі өндірістің толық технологиялық цикліне ие.
«Кәсіпорын жылына 20 мың тонна құс етін шығарады. Ол елімізде шығарылатын құс етінің жалпы көлемінің 22%-на тең. Ал, егер 2013 жылы кәсіпорынның жаңартылғандығын, соған байланысты мөлшердің тағы 20 мың тоннаға артқанын ескерер болсақ, отандық өнімнің пайыздық сәйкестігі де екі есе өсті», – дейді акционерлік қоғамның директоры Серік Толықбаев.
Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорын дайын өнім түрлерін әрдайым көбейтіп отырады.
2009 жылы кәсіпорын «Кус&Вкус» брендімен Қазақстанда алғаш рет тоңазытылған құс етін шығара бастады. Ол бір жылдың ішінде тұтынушылардың талғамынан шығып, нарықта өз орнын ойып алды.
Тұтынушылар «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімдерін сапасы, дәмі мен тағамдық қауіпсіздігі үшін алады.
Сапа жүйесі ИСО 9001, ИСО 22000 сертификаттарымен бекітілген. Оған қоса, 2010 жылы компания өндірілген тауарының экологиялық таза өнім екендігіне кепілдік беретін «ЭКО» сертификаты мен «Халал» талаптарына сәйкес келетіндігі туралы куәлікке ие болды.
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ аграрлы саладағы Халықаралық қаржылық корпорация қаржыландырған Қазақстанда тұңғыш кәсіпорын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: