«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СТ-KZ – жаңаша көзқарас

2015 жылғы 28 Мамыр
12812 просмотров

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) 2014 жылғы 12 шілдеден бастап тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және куәландыру бойынша функциясына кірісті.

«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шыққан тегі туралы сертификаттарды беру процеурасы мен тәртібі Тауардың шығарылған елін анықтау бойынша ережеде реттемеленген.

ҰКП үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі ережені бекіту туралы» Бұйрығының жобасына:

- «қарапайым жинақтау операциялары» ұғымын енгізу;

- мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша мемлекеттік органның ұйғарымы болған жағдайда немесе сертификат беру жөніндегі орган ішкі аудиттен кейін бұзушылықты анықтаған жағдайда сертификаттың күшін жою тәртібі;

- уәкілетті органның өндіріс орнына баруы (алғаш жүгінген кәсіпорындарға);

- уәкілетті ұйымның «СТ-KZ» сертификатын беру мерзімі өндіріске баруды жүзеге асырған жағдайда екі жұмыс күніне ұзартылуы жағынан түзетулер бастамалады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты беру және оның күшін жою бойынша ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 Бұйрығы 2015 жылғы 23 мамырда «Казахстанская правда» газетінде, «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді – 2015 жылғы 2 маусымда.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген «СТ-КZ» сертификаттары бойынша талдамалы анықтамамен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер