«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалған дүниеге жол жоқ!

2015 жылғы 02 Қыркүйек
10268 просмотров

ҚР Машина жасаушылар одағы жанынан бұрын берілген CT-KZ сертификаттарын тексеретін орталық құру қажет

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Машина жасау және металл өңдеу комитетінің отырысында осындай ұсыныс айтылды.

«Атамекен» ҰКП Машина жасау және металл өңдеу комитеті Хатшылығының сарапшысы Алексей Захаров жеткізгендей, CT-KZ сертификаттарын беру саласында жайсыз жағдай орын алған. Онда кәсіпорындар тендерге қатысу үшін көбінесе «жалған» сертификаттар береді.

«Қазақстанлық мазмұн үлесін растайтын сертификаттарды өңірлік Палаталардың жеке меншік сараптау ұйымдарының қорытындыларын негізге алатын кәсіпорындарға беретіні белгілі. Бұл сертификат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тендерлеріне қатысқанда артықшылық береді», - деп түсіндірді ҰКП сарапшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда сертификаттар, өкінішке орай, көбіне белгіленген процедураларды бұза отырып ресімделген сараптамалар негізінде беріледі де, осының нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларға дәйексіз мәліметтер ұсынатын кәсіпорындар қатыса алады. Кәсіпкерлер бұл туралы Палатаға жазып жүр.

Осы жылдың маусым айынан бастап, ҰКП-ға ішкі аудит жүргізу функциясы берілді. Ол CT-KZ сертификаттарын берудің қаншалықты заңды екенін анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы құрылған комиссия өңірлердегі кәсіпорындарға тендерлердің қаншалықты әділ өтетінін, байқауға қатысып отыран кәсіпорын өндіретін тауарлардағы қазақстандық мазмұнның құжаттармен расталуын анықтау мақсатында тексеріспен барады. Алексей Захаровтың айтуынша, тексеру кезінде жеті жағдайда кәсіпкерлер баяндаған деректер расталған.

Осыған орай ҚР Машина жасаушылар одағы жанынан CT-KZ сертификаттарын тексеретін орталық құру ұсынылады.

«Бұл істі тәртіпке келтіру керек, себебі қазақстандық заңнаманың бар игілігін әрі мемлекеттік қолдау шараларын, жеңілдіктерді, артықшылықтарды шынайы тауар өндірушілер ғана қолдануға тиіс», - деп түйіндеді Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы Мейрам Пішембаев.

Комитет отырысында сонымен қатар 2014-2015 жылғы салалық қауымдастықтардың, Машина жасау және металл өңдеу комитетінің сандық және қызметкерлік құрамы жайлы есептерін даярлау жөніндегі мәселелер талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер