«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бижутерия бизнесі

2015 жылғы 13 Сәуір
8535 просмотров

Қазірде кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі әрекет ететін тиімді мемлекеттік бағдарламалар аз емес. Алайда қазіргі заманғы бизнесмендер арасында мемлекетке сүйену әдетінен ада тұлғалар да бар. Көпшілікке танымал екі бренд иесі және директор, ең табысты киім және әшекей бұйымдар дизайнерлерінің бірі ОЛЬГА КИМ де осылардың қатарынан табылады.

– Ольга ханым, кезінде жалғыз сөреден бастағаныңыз белгілі. Қазіргі биіктерге қалай жеттіңіз?

– Менің табысымның тарихы он жыл бұрын шыққан ұзақ жолды елестететін сияқты, өз бағытымды күн сайын ұқыппен түзетіп отырамын. Сонау 2014 жылы, нарықтық экономика «еркін шарықтап» жүргенде бастаған едім. Нені, не үшін жасап жүргенімді анық білдім деп айта алмаймын – сүйікті іспен айналыссам ба деген арманның жетегінде жүрдім. Алғашқы қадам – сауда алаңын ашу боларын білдім. Бірінші курс студенті бола отырып, әрине, отбасылық қорға да сендім, алайда сонымен бірге жобаның өз-өзіне жеткілікті боларына  да сендім. Отбасылық кеңесте маған 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі бастапқы капитал бөлінді.

Қолдау жайлы айта кетсек. Қазірде субсидиялар және жеке кәсіпкерлерді қолдау жайлы көп айтылып жүр. Бұл сеніп алуға алып келмей ме, қалай ойлайсыз?

– Мен жеке кәсіпкерлерді қолдауды жақтаймын! Кез-келген жаңа бағыттың тәуекелі, ақталмаған үміті болады, алайда Қазақстанда орта буын бизнесмендеріне деген ниеттестік болуға тиіс. Бұл – мемлекетіміздің тұрақтылық жетістігінің кепілі.

– Қазақстан жағдайында сіздің бизнесіңіз бен нарық айрықшалығының ерекшеліктері қандай?

– Қазақстандағы бизнес кез-келген жастағы ақылды да бастамашыл жандарға, әсіресе еліміз Ресей және Белорусьпен Бірыңғай экономикалық одаққа кірген кезде, үлкен мүмкіндіктер береді. Қазақстанның нарығы өздерінің дайындалып қойған үлгілерімен бос орындарға оңай жайғасатын шетелдік әріптестер қызығушылығын тудыруда. Мұндай мүмкіндігі мол келешек бізді қуантады. Біз, нарықты талдай отырып, оның географиялық тұрғыдан біркелкі еместігін, капиталдандыру жағынан Алматы мен Астананың көш басында тұрғанын түсінеміз. Келесі көшбасшы Ақтөбе, үшінші орында – Қызылорда.

Бижутерия бизнесінде еңбек еткен он жылда түрлі идеялар басыма келді. Мен экономиканың жай-күйіне, тұтынушылар ықыласына баға бере отырып және шетелдік іс-сапарларда алынған тәжірибеме сүйене отырып, эксперимент жүргіздім. Менің қазіргі жобам – бұл бижутерия нарығындағы сән тенденциялары мен арманның селбесуі. Мен біздің сүйікті клиенттердің тілегін болжап қоюға тырысамын. 

– Бұдан әрі де дамуға шын мәнісінде көмегін тигізетін не?

– Менің дамуым бір минутқа да тоқтап тұрмайды: күн сайын халықаралық оқыту бағдарламаларынан, бизнес-серіктестермен, әріптестермен кездесуден бір жаңалықты біліп отырамын … Бижутерия бизнесі әрбір бөлшегімен айрықша және айтарлықтай прогрессивті: әр күн сайын үздік болу қажет. Халықаралық көрмелерде жұмыс жасау өз жемісін береді: Қазақстанға ораламын да, мұны бірден өз компаниямның шындығына айналдырамын. Әрине, маған жоғары кәсіби менеджерлерден тұратын топ көмектеседі. Компанияда басқарудың қалыптамалық үлгісі әрекет етеді, пассионарлықты қуана қабылдаймыз. Активтерді әртараптандыру үшін және оларды біздің қоржында сапалы түрде басқару үшін, сонымен қатар өтімділікті басқару үшін, шетелдік Басқарушы директор тартылды. Біздің компания серпінмен дамуда.

Өзіңізге қандай жаңа көкжиектерді белгілеп қойдыңыз?

– Жоспарымыз жетіп артылады! Күллі Қазақстан бойынша әртараптандыру, ай сайын түрлі қалаларда біздің брендпен үш-бес дүкен ашылып жатады. Тауарлық желіде екі жаңа бренд – сағат пен итальяндық брендтегі көркем бижутерияны қатарға қосып жатырмыз. 15 сәуірде Алматыда өтетін KFW жаңа киім топтамасының көрсетілімі lookbook Парижде түсірілмекші. Тағы да бір маңызды оқиға – Luxury-дің жаңа бағытын іске қосу.

Қазақстандық бренд иесінің тарихы соншалықты таптаурын емес. Ольга Кимнің бизнес ғұмырнамасында бас айналдырар биіктеулер ғана емес, жанға батар құлдыраулар да болған. Банкроттық шегіне жеткен кездер де болған ондай кездер әркімде де болып тұрады. Ольга шығындарды есептеп, қорытынды шығарды және... алға қарай жылжи берді. Өзінің алғашқы жалғыз сөресін және кезінде жоқ жерден бастағаны жайлы еске ала отырып, жалғастыра берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер