Сыраны таңбалауды енгізу: өндірушілерге соққы ма әлде ашықтыққа қадам ба?
Бірнеше жылдан бері Қазақстанда сыра қайнату өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауды енгізу мәселесі талқыланып келеді. Үкіметтің хабарлауынша, бұл шара сыра айналымына бақылауды күшейтуге, салық түсімдерін арттыруға және нарықтан контрафактілік өнімдерді жоюға бағытталған.
Дегенмен, бизнестің бұған көзқарасы басқаша. Сыра қайнату өнеркәсібі бұл бастаманың, әсіресе салықтардың өсуі мен өндіріс көлемінің азаюы аясында үлкен жүктеме тудыруы мүмкін екенін атап өтеді.
Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында сыраны міндетті цифрлық таңбалау тек Ресейде ғана қолданылады. Қазақстан саланың алаңдаушылығына және жеткілікті дайындықтың жоқтығына қарамастан, оны 2026 жылдан бастап енгізуді жоспарлап отыр.
Өндірушілер Қазақстанда заңсыз сыра өндіру іс жүзінде мүмкін емес екеніне сенімді. Бұл процестің технологиялық күрделілігіне, жоғары бәсекелестікке және бұрыннан бар бақылау шараларына байланысты.
«Сыра өндірісі арнайы жабдықтар мен қатаң стандарттарды сақтауды қажет етеді. Сала өкілдері жалған өндіру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес», - дейді сала мамандары.
Сыра қайнату кәсіпорындары мемлекетке өндіріс көлемін бақылауға мүмкіндік беретін бақылау құралдарымен жабдықталған. Бизнестің пікірінше, «сұр» импорт мәселесі адал өндірушілерге жүктемені күшейту есебінен емес, шекарада шешілуі керек.
2026 жылдан бастап сыра қайнату компанияларына салық жүктемесі артады. Яғни, акциз 10%-ға артады – 99 теңгеге дейін, ал, ҚҚС 25%-ға – 16 теңгеге дейін өседі.
Төрт жыл ішінде бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 16,6%-ға – 723-тен 603 миллион литрге дейін төмендеген.
Таңбалау бойынша пилоттық жоба енгізу үшін:
- Өнімділікті төмендететін желілерді қайта конфигурациялауды;
- Жабдықты, оған қызмет көрсетуді және бағдарламалық жасақтаманы сатып алуды қажет ететінін көрсетті.
«Қазақстан сыра қайнатушылар одағы» ЗТБ-ның алдын ала есептеулері бойынша бір өндірістік желіге жұмсалатын шығындар:
- Банка – 103,0 млн теңгеден және одан жоғары;
- Бөтелке – 107,0 млн теңгеден және одан жоғары;
- Кега – 13,0 млн теңгеден және одан жоғары.
Қосымша:
- жабдықтар мен БСБ сатып алуға 5,5 млрд теңге қажет болады;
- бақылау белгілеріне жыл сайынғы шығындар – 2,5 млрд теңге.
Заң бойынша (Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабы) акцизделетін өнім өндірісі мемлекеттік қолдау шараларына жатпайды. Бұл дегеніміз таңбалауды енгізуге мемлекеттік субсидиялар қарастырылмағанын, несиелеу – бұл жалғыз жол, бірақ несеилер қымбат және оны алу қиын екенін білдіреді.
Сала өкілдері іске асыру мерзімі өте тығыз екенін ескертеді. Жабдықтарды шетелден сатып алу керек, ал баспаханалар алдын-ала таңдалады. Әйтпесе өндірістік желілер қысқаруы, зауыттардың жұмыс режимінің ретсіздігі, сондай-ақ, бірлескен салаларға соққы болуы мүмкін.
Мысалы, Carlsberg Kazakhstan компаниясы қазақстандық өндірушілерде «Суфле Казахстан», «Еврокристалл», «QazAlPack» және т.б. шикізат пен қаптаманың 80%-на дейін сатып алады. Сыра қайнатудағы өндіріс көлемінің қысқаруы оларға да әсер етеді.
Бизнес-қоғамдастық сыра өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалауды 2028 жылдың қаңтарына дейін енгізудің балама, кезең-кезеңмен іске асырылатын тәсілін ұсынады.
Деректерді жинақтауды (партиядағы тауарлар туралы ақпаратты біріктіру) кәсіпорындарға бейімделуге уақыт беру үшін контейнердің әр түрін таңбалау басталғаннан кейін бір жылдан ерте емес енгізу ұсынылады.
Бұл тәсіл тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз етуге, зауыттар мен бірыңғай оператордың операциялық тұрақтылығын сақтауға, өндірістің тоқтап қалуына жол бермеуге, бүкіл сала және онымен байланысты компаниялар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сала өкілдері Үкімет тарапынан бақылауды күшейтіп қана қоймай, жұмыс орындары мен отандық өндірісті сақтайтын салмақты шешімге үміттенеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: