«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде «Бір ауыл - бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті  

2024 жылғы 29 Тамыз
- Ақтөбе облысы
5696 просмотров

Өз өнімдерін 10 аудан мен облыс орталығының тауар өндірушілері ұсынды. Көрме қонақтары мен қатысушыларын Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов қарсы алды. Жобаның үздік қатысушыларын марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов және «Бір ауыл - бір өнім» жобасын іске асыруды үйлестіру және мониторингтеу жөніндегі жобаның басшысы (Астана қ.) Гүлнара Сейтжаппарова қатысты.

Бұл іс — шараның негізгі мақсаты - өңірде бірегей өнімді табу, жергілікті бренд құру және экспортқа шығуға жәрдемдесу. Бұл идея Жапониядан бастау алады. Қазақстанда жоба 2021 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылуда. Биыл Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерден 28 өтінім қабылдады. Олар қолдан жасалған бұйымдарды, қыш ыдыстарды, ұлттық нақыштағы тауарларды, ет-сүт өнімдерін, тәттілерді және басқа да жергілікті шикізаттан шығарылған тауарларды  ұсынды.

 

«Бұл жоба арқылы жергілікті өндірісті ұлғайтуға және оны бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар. Кәсіпкерлер басқа бизнес субъектілерімен танысады, осылайша жаңа серіктестік қатынастар орнатады, инвестициялар тартады және өндіріс көлемін арттырады. Көрменің осы кезеңінде мемлекеттік органдардың, ӨКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы жобаның екінші кезеңіне өтетін үздік 10 тауар өндірушісін іріктейді. Екінші этапта олардың арасында бренд-комитеттің шешімімен өңірлік турдың үш жеңімпазы таңдалады. Олар қыркүйек айында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін "Бір ауыл-бір өнім" республикалық көрме-жәрмеңкесінде облысты таныстырады», - дейді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов.

Жобаның үздік тауар өндірушілері дипломдармен, қалғандары грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға ақшалай сертификаттар берілді. Және бірнеше банк өз сыйлықтарын ұсынды.

Жобаның үздіктерінің қатарында Ырғыз ауданынан келген Айдана Сағынғали жүн мен киізден жасалған бұйымдар өндірумен бір жылдан астам уақыт айналысып келеді.

 

 "Меринос жүнінен жасалған бұйымдар. Шикізатты Жамбыл облысынан сатып алуға тура келеді, өйткені біздің өңірде мұндай қой популяциясы танымал емес. Мен өнімді әлеуметтік желілер арқылы насихаттаймын. Өнімдер эксклюзивтілігімен ерекшеленеді және олар жіксіз. Мен бұйымдарды безендіруде қолданатын ұлттық мотивтері мен энергиясын зерттеймін. Мен ауқымды өндіріс деңгейіне шыққым келеді. Осы мақсатта "Бір ауыл-бір өнім" жобасы алға жылжуда жақсы жарнама болып табылады, сондай — ақ финалға шыққан кезде мемлекеттің гранттық қолдауын алуға мүмкіндік бар", - деп бөлісті Айдана.

"Ұсынылған әрбір жоба - мемлекет пен бизнестің үйлесімді жұмысының нәтижесі, қолдаудың ауыл тұрғындарына өмір сүруге ғана емес, дамуға және өркендеуге қалай көмектесетінінің мысалы. Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңейтіп, оларды одан да қолжетімді әрі тиімді ете отырып, осы ,бғытты ұстанамыз", — деді облыс әкімінің орынбасары.

Жобаның үздік тауар өндірушілері дипломдармен, қалғандары грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға ақшалай сертификаттар берілді.

Финалистерге жобаларды одан әрі сүйемелдеу, дизайнды әзірлеу және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетін болады. Айта кетейік, биылғы жылдан бастап жоба финалистері гранттық 5 млн. теңгеге дейін қаржыландыруға қатыса алады.

Көрме қалалық мәдениет үйі әртістерінің концерттік бағдарламасымен сүйемелденді. Іс-шара алаңын «Dalida Center» СО әкімшілігі ұсынды.

Қатысушылар мен келушілер үшін ЕДБ, қаржы институттары мен мемлекеттік органдар өкілдерінен консультациялар үстелдері жұмыс істеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер