«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистерімен кездесу

2024 жылғы 07 Маусым
- Қызылорда облысы
331 просмотров

 «Атамекен» ҰКП «Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» департаменті қаржылық емес қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистеріне «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» қағидаларын түсіндіру бойынша онлайн кездесу өткізді. Жиынға өңірден Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Сейтжанов, палата қызметкерлері, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері және грантқа қатысуға ниетті 2023 жылғы «Бір ауыл – бір өнім» финалистері қатысты.

«Жоба жаңадан бастаған кәсіпкерлерге тамаша мүмкіндіктер береді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы көрмеге қатысқан кәсіпкерлердің бойында өзіне деген сенім артып, алға қарай ұмтылыс пайда болғанын байқауға болады. Үздік деп танылғандар жеңімпаз атануға ұмтылса, жеңімпаздар өз кезегінде кәсіптерін шыңдауға мол мүмкіндік табады», – деді Дәурен Сейтжанов.

Айта кетейік, Облыс көлемінде аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылдың маусым айында Қызылорда қаласында жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімдердің көрмесі ұйымдастырылып, облысымыздың 22 өнім өндірушісі қатысты (Арал – 5, Қазалы – 2, Қармақшы – 2, Жалағаш – 1, Сырдария – 3, Шиелі – 3, Жаңақорған – 2, Қызылорда қаласы – 4).

Көрмеге қатысушы 10 тауарөндірушілердің өнімдері үздік деп танылды. Бренд-комитет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша 3 жеңімпаз анықтады:

   1. Кушжанова Арсена – жергілікті шөптерден түйе мен ешкі сүтін қосып сабын өндіру (Арал ауданы).

   2. Туретаева Эльмира – жантақ балы өндірісі (Сырдария ауданы).

   3. Әлжанова Мәрияш – жүн және киіз бұйымдарының өндірісі (Сырдария ауданы).

Жиында  «Жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» департаменті өкілдері мемлекеттік гранттар беру қағидаларын толықтай түсіндіріп, онлайн қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер